Елорда • 17 Сәуір, 2026
Елордада тағы бір тарихи сәттің ақ парағы ашылғалы тұр: күллі қазақ жұрты көптен бері үздіге күткен әйгілі «Астана LRT» жобасы әне-міне мәресіне жетпек. Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярмен бірге жеңіл рельсті көлік депосының ғимаратына барып, Бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмысымен танысқан елорда әкімі Жеңіс Қасымбек ел елеңдеп күтіп отырған LRT осы көктем айында іске қосылатынын жария етті. Жүрдек көліктер былтыр қыркүйек айынан бері сынақтан өтіп жатыр. Әзірше жоба жұмысында ақау жоқ көрінеді.
Мектеп • 17 Сәуір, 2026
Семейде 300 орындық мектеп ашылды
Семей қаласының Шығыс кентінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №53 жалпы орта білім беретін 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, Қазақстанның Еңбек Ері, ұстаз Алма Шүкіжанова, Парламент Сенатының депутаттары Қайрат Тастекеев, Айнұр Арғынбекова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай қатысты.
Несие • 17 Сәуір, 2026
Банктерден, микроқаржы ұйымдарынан несие алу қазақтың «бас ауруына» айналғалы қашан? Ресми деректерге жүгінсек, ел азаматтарының жартысынан астамы (50,7%-ы) кредиттің «дәмін татқан». Әсіресе 22–29, 50–62 жас аралығындағы азаматтар банктерге жиі қарызданады екен.
Медицина • 17 Сәуір, 2026
Көптің алғысына бөленген дәрігер
Қарбалас тіршілікте азаматтық ұстанымына, кәсіби міндетіне дақ түсірмей жүрген жақсы-жайсаңдармен жиі ұшырасамыз. Халықтың батасын алған осындай азаматтардың қатарына жоғары санаттағы хирург-уролог, медицина ғылымдарының докторы Сүният Құсымжановты қоссақ әбден болады. Ол – «Академик Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ бөлім меңгерушісі, профессор, «Алтын қандауыр» сыйлығының лауреаты.
Медицина • 17 Сәуір, 2026
Кейуанаға күрделі операция жасады
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігерлер 95 жастағы науқасқа бірегей жоғары технологиялық күрделі операция жасады. Пациенттегі аорталық қақпақша транскатетерлік әдіспен (TAVI) ауыстырылды. Операция науқастың кеуде қуысын ашпай, жүрек соғысын тоқтатпай жүргізілуімен ерекшеленді. Мұндай операция жыл басынан бері үш науқасқа сәтті жасалғаны қуантады.