Зерде • 17 Сәуір, 2026
Жамаледдин Бейсенов – Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған қазақтың жаңа үлгідегі білім жүйесінің алғашқы легінде тұрған, ағартушылық мұратты өміріне серік еткен тұлға. Қостанайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде білім алып, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін тәмамдаған ол бар саналы ғұмырын ел баласын оқытуға, қазақ қоғамының көзін ашуға арнады. Ыбырай Алтынсариннің шәкірті әрі ізбасары Ж.Бейсенов педагог, жазушы Спандияр Көбеевті алғаш мектепке жетелеп, оқу үйретіп, білім берген. Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» мемуарлық романында: «Жамаледдин Бейсеннің баласы еді. Орынборда оқытушылар даярлайтын мектепті бітіріп шыққан жас оқытушы болатын. Бағымызға қарай, Жамаледдин де, Досмағұл да, тіпті Ыбырайдың өзі де келіпті.
Тұлға • 17 Сәуір, 2026
Елін, жерін, Отанын сүйген, әділ, өз сөзіне берік, ар-намысы биік, ауыртпашылық пен жауапкершілікті бірдей көтергендер ғана құрмет пен абыройға бөленеді. Ала-құла тіршілікте өмір сынынан адаспай өту, жүректе ұялаған арманға жету екінің бірінің қолынан келе бермейтіні хақ. Бүгін есімі елімізге әйгілі болған абзал азамат Қуат Есімханұлы жөнінде айтпақпыз.
Әдебиет • 17 Сәуір, 2026
«Айқап» журналында жарияланған алғашқы өлең кімдікі екенін білесіз бе? Журналдың ең алғашқы №1 санында Ыбырайдың өлеңі басылды. Өлеңге «Марқұм Ыбырай Алтынсарин сөзі» деген түсініктеме берілді. Ал сол кездегі көзі тірі ақындардан алғаш жарияланған Мағжан Жұмабаевтың «Жатыр» өлеңі еді. Мағжанның жыры «Айқаптың» №2 санында жарияланды.
Көрме • 17 Сәуір, 2026
Отандық суретшілер үшін іргелі өнер кеңістігіне айналған «Ұлар» галереясында белгілі қылқалам шебері Евгений Фридлиннің жеке көрмесі есік ашты. Кенеп бетіне майлы бояумен жағылған үздік шығармалар көрерменге Алматы көшелерімен серуендеп жүргендей әсер қалдырады.
Заң мен Тәртіп • 17 Сәуір, 2026
Құқықтық сауатты арттыратын алаң
Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету – маңызды істің бірі. Осы мақсатқа орай Шымкент қаласында «Құқық кабинеті» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетіп, құқықтық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етудің тиімді құралы болып отыр.