Сұхбат • 23 Сәуір, 2026
Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Алдар – уақытпен бірге жаңғырған кейіпкер
Көрермен үшін ерекше жаңалық. Көпшіліктің сүйікті кейіпкеріне айналған Алдар бейнесі араға жылдар салып, жаңа тыныспен, тың интерпретацияда үлкен экранға қайта оралды. Бірақ бұл жолғы ізденістің ізі де, идеясы мүлдем бөлек. Иә, қазақ киносының классигі Шәкен Аймановтың Алдарынан кейін әйгілі кейіпкерді жаңа буынға қайта танытқан актер Дәурен Серғазин болса, енді міне, сол Дәурен тұп-тура 15 жылдан кейін халық жадында сақталған жарқын образды бүгінгі заманға бейімдеп, қайта жандандыруды мақсат етіпті. Тек бұл жолы бас кейіпкер ғана емес, фильмнің продюсері ретінде де тер төккен өнер иесінен төл туындысы турасында сұрадық. Сонымен, 23 сәуірде үлкен экранға жол тартқалы отырған ұлттық жоба – «Алдар. Махаббат туралы аңыз» фильмінің көрерменге ұсынар қандай жаңалығы бар? Бүгінгі Алдар бұрынғы Алдарлардан несімен ерекшеленеді? Оны актердің өзінен сұрадық.
Пікір • 23 Сәуір, 2026
Жер-жаһанның қай қиырында жүрсек те жанқалтамыздан табылатын көк паспортымыз жанымыздың жалауындай қастерлі. Жалаудай дейтіндей жөніміз, бұл – жай ғана құжат емес, елдігімізді танытатын айшықты рәміз. Азаттығымызды, дербестігімізді сезіндіретін осы төлқұжатымызбен төрткүл дүниені емін-еркін шарлап жүріп, еліміздің егемендігін құнттай түсеміз, кеудемізді мақтаныш кернейді.
Мирас • 23 Сәуір, 2026
Мұхтар Шахан! Біртуар Мұхаң. Түркі дүниесі мен адамзатқа ортақ қайраткер... Иә, бірде «Аға, қазақ тілі деп жүрсіз, неге «ов»-тан құтылмайсыз?» деген жастардың тіке сұрағына қайсар да адал ақын: «Несі бар, Мұхтар Шахан болды деп есептеңдер!» деп жауап қатқаны бар.
Руханият • 23 Сәуір, 2026
Шаһар мен шайыр (Бабатайдың бір ұлы)
Бабатай сынды белгілі ауылда туса да, өмір бойы шаһарды мекен етіп келеді. Әскерге барып-қайтқан соң ару Алматыда оқыды. Содан кейін арайлы Ақтөбеге келіп, қоныс тепті. Шаһарда шираған шайыр болған соң ба, оның өлеңдерінде қала бейнесі үнемі сұлбаланып тұрады. Тіпті ауылдан гөрі қаланың образы көбірек бедерленген секілді көрінеді. Ол шаһар ұғымын қолданып, ойнақы ой айтады. Арғы-бергі тарихтың бір үзігін бөліп алып, тіркесті түрлендіріп, көркемдік кестесін түзеді.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Бұқара мен биліктің арасына дәнекер болатын мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексіне сай әрекет етіп, бюджет қаржысын үнемдеуге тиіс. Бұл – Президенттің талабы. Алайда ел үміт артқан шенеуніктер тарапынан бұл талап орындалмай, заң бұзу дерегі азаймай отыр.