Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Қоржынкөл стансасының оңтүстік жақ бетінде шамамен он шақырымдай жерде Мыңшұңқыр қорымы бар. Осы қорымда Алаштың небір жақсы-жайсаңы мәңгілік тыныштық құшағына бөленген. Көп жақсының бірі, жыраулық поэзияның көрнекті өкілі, жалынды жыршы, данагөй абыз Үмбетей жырау да осы жерде жерленген.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2019
Киіз үй – қазақтың мақтанышы болса, оның Маңғыстауда көнеден бүгінге дейін тіні құрымай сақталып, жасау-жабдығы түгел қалпында жетуі – өңір мерейі. Бүгінде «құрастырмалы, қорғанды» үйлердің алуан түрі қолданысқа енгендіктен киіз үй тұрмыста бұрынғыдай кең көлемде пайдаланыла бермейді. Өкініштісі, қытайдың «темір құрсанған» киіз үй қалыптас үйлері той-томалақты иемденіп алса, қазақтың киіз үйлері қаралы садақаларда марқұмды соңғы сапарға шығарып салу орны міндетін атқарып жүр. Тіпті ауылдағы қарт кісілердің келін-бала қараусыз қалдырған киіз үй үшін алаңдап, «ертең менің соңғы сапарыма дейін құрт-күйе жемей, сақталса деп едім» деп мұңаятыны бар...
Спорт • 30 Сәуір, 2019
Бангкокта барымызды көрсете алмадық
Таиландтың бас шаһары – Бангкокта бокстан өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальды иеленген Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді. Бұл жолы да біздің гүрзі жұдырықты жігіттеріміз Өзбекстанға есе жіберді. Олар 4 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдені қоржынға салды.
Спорт • 30 Сәуір, 2019
Өткен аптада «Egemen Qazaqstan» газетінде дзюдодан Азия чемпионаттарының тарихы жайында көлемді мақала жарық көрді. Ол кезде біз ерлер арасында сары құрлықтың көшбасшы командалары кімдер, қазіргі кезде қай елдің қарқыны күшті және де тәуелсіздік алған кезден бері Қазақстан балуандарының қол жеткізген табыстары туралы біраз мағұлұмат бердік. Ал бүгінгі әңгіменің тақырыбы – әйелдер дзюдосы.
Руханият • 30 Сәуір, 2019
«Богема» – нағыз махаббат дастаны
«Астана Опера» театрының жаңа маусымдағы шығармашылық ізденіс қарқыны шын мәнінде сүйсінтеді. Жыл басынан бастап бірнеше классикалық туындыны сахнаға шығарып, көрерменін қуанышқа кенелтіп үлгерген ұжымның тыңдарман үшін келесі тосын сыйы – Дж.Пуччинидің әйгілі «Богема» операсына ұласты.