Аймақтар • 15 Сәуір, 2019
Ертіс жағасынан табылған ескі шаһар
«Бұдан 3-3,5 мың жылдан астам уақыт бұрын, Троя соғысы кезінде, сонау қола дәуірінде Шығыс Қазақстан жерінде, Ертістің жағасында қала болған» десе сенер ме едіңіз. Әрине бірден сенбейтініңіз анық. Бірақ бұл сөзді археологтың аузынан естісеңіз сенеріңізге ғана емес, таңғаларыңызға титтей де күмәніміз жоқ.
Спорт • 15 Сәуір, 2019
23-28 сәуір аралығында Қытайдың Сиань қаласында күрестің үш түрінен Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Осы жарыс қарсаңында біз өткен тарихқа қысқаша шолу жасай отырып, былтырғы жарыстың нәтижесіне толығырақ тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. Бүгінгі мақаламызда грек-рим күресін тілге тиек етеміз. Ал газеттің алдағы нөмірлерінде еркін күрес пен әйелдер күресі жайында кеңінен әңгіме қозғайтын боламыз.
Руханият • 15 Сәуір, 2019
Түркі сарынын толғаған «Тұран»
Халық әндеріне тербеліп өскен біз анда-санда көмекей әнін естіп қалсақ, тар өкпені толтыра, ұзын өңешті қуалай шыққан қарлығыңқы дауыстың я жат, я жақын екенін қапелімде ажырата алмай тұрғанда, көне заманның қойнауындағы көк түріктің үні құлағымызға талып жеткендей тамыр-тамырда қалғып кеткен ескі ақпараттың бәрі біртіндеп оянып, арқаландыра бастайтынын тұла бойымызбен сезінетініміз бар.
Сұхбат • 15 Сәуір, 2019
Барзу Абдраззаков, режиссер: Сахна арқылы пәлсапа соққанды ұнатпаймын
Жақында Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында тұсауы кесілген «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымынан кейін көрермен көкейінде сан түрлі сезімнің тұрақтағаны белгілі. Бірі – риза болып тарқасса, келесісінің көңіл түкпірінде қанағаттанбаушылық байқалып жатты. Өнер дегеннің өзін шарттылық десек, демек бұл – заңды құбылыс. Қаллеки театрындағы кезекті премьераның көпшілік арасында тез тарап, мұншалықты көп пікірталасқа арқау болуының алғашқы себебі – дастанның қазақ драма театры сахнасына тұңғыш шығуы болса, екінші себеп – Тәжікстаннан шақырылған режиссер Барзу Абдраззаковтың суреткерлік қолтаңбасында сарапталуы дер едік. Бұған дейін де Астана мен Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстық драма театрларындағы сәтті жұмысымен қазақстандық көрерменге есімі жақсы танылып үлгерген режиссермен қойылым, жалпы өнер жайлы аз-кем әңгімелесудің сәті түскен еді.
Әлем • 15 Сәуір, 2019
Брекситтің бітетін күні бар ма?
Британияның Еуроодақтан (ЕО) шығуы жөніндегі Брексит (Brexit) келісімін бекіту ісі тағы алты айға шегерілді. Нақтылай айтқанда, ЕО-ның 10 сәуірде өткен кезектен тыс саммитінде қатысушылар бұл елдің Одақтан шығуын 2019 жылдың 31 қазанына дейін шегеруге уағдаласты.