Қоғам • 15 Мамыр, 2019
«Отбасы – мемлекеттің тірегі» дегенді жиі естиміз. «Орман-тоғай жап-жасыл болып жайқалуы үшін ондағы әрбір терек бүр атуы тиіс» деген тәмсілді мемлекеттік дәрежеде де мысал етуге болар еді. Яғни, отбасы құндылығы жоғары, шаңырақ татулығы берік сақталатын елдің келешегі бар.
Қоғам • 15 Мамыр, 2019
Елі мықтының белі мықты немесе орта тап – мемлекеттің орнықты дамуының негізі
Қазақта «Елі мықтының белі мықты» деген бұрынғыдан қалған сөз бар. Бүгінгі заманда бұл мақалдың мәнін кез келген мемлекеттің қуатты болмағы орта тап үлесінің өсуіне байланысты деп түсінуге болады. Өйткені әлеуметтік стратификацияда орта тап – қоғамда тәртіп пен тұрақтылықтың, экономика дамуының тірегі.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2019
Қант нарығы: отандық өндірістің қауқары қандай?
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің қант бизнесінде ортақ мәмілеге келе алмағаны осыған дейін талай рет айтылған. Ресей 2018 жылдың басында одақ комиссиясына қант импортын шектеу туралы ұсыныс түсірді.
Президент • 15 Мамыр, 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды
Қызылорда облысының қатпарлы қазақ тарихында алатын орны ерекше. Тағдыр талайында еріксіз бодандықтың қамытын киген, қол-аяғы бұғауда болған қазақ өктемшіл империя үшін «бұратана, «киргиз-кайсак» аталып келген еді. Ел астанасы Орынбордан Ақмешіт – Қызылордаға ауысқанда, Алаш ардақтылары нақ осы аймақта 1925 жылы халыққа қазақ атауын қайтарып берген болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сыр – қазақтың анасы» деген қанатты сөзін мұндағы жұрт қастер тұтады.
Қоғам • 15 Мамыр, 2019
Жүз жылдық тарих. Бір ғасырды қамтитын уақытта қазақ халқы небір аумалы-төкпелі кезеңдерді басынан өткерді. Осынау жүз жылдағы әрқилы оқиғаларды, басты мәселелерді «Egemen Qazaqstan» газеті халықпен бөлісіп отырды.