Аймақтар • 15 Мамыр, 2019
«Ауыл қамқоршысы» неге тоқтап қалды?
Қазақ поэзиясының патриархы, Қазақстаның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі ертеректе жазған өлеңдерінің бірінде «Ұмытып бара жатсаң борышыңды, арала атамекен қонысыңды. Ажары қашқан ауыл еске салар, халқыңа азаматша болысуды», деп төгілдіре жырлаған екен. Қазіргі кезде ауылдық аумақтарды жаңғырту ісіне кәсіпкерліктің басы-қасында жүрген туған топырағының төл перзенттері үлес қосып жүр.
Руханият • 14 Мамыр, 2019
Зафер Кибар: «Абай жолы» барлық тілге қайта аударылса да артықтық етпейді
Алаштың алып темірқазығы Абай хәкім десек, сол тұғырлы тұлғаның болмыс бітімі мен ол өмір сүрген қазақ ортасының қалыбы бұзылмаған көшпелі рухын қалам қуаты арқылы әлемге паш еткен ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, оның «Абай жолы» роман-эпопеясы екені даусыз. Бізге белгілі мәліметтер бойынша «Абай жолы» романы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне, соның ішінде түрік тіліне де аударылған. Алайда Еуразия жазушылар қауымдастығының төрағасы, түркиялық жазушы Якуп Омероғлы былтыр «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты халықаралық форумда бұл аударма нашар екенін, жаңа сапалы нұсқасын күтетінін айтқан еді. Біз орасан еңбекпен ерікті түрде айналысып жатқан әдебиет жанашыры Зафер Кибар есімді түрік азаматымен жүздесіп үлгердік. Ол «Абай жолын» аударуға кіріскенге дейін ұлы хәкімнің 45 қара сөзін, 163 өлеңін, одан бөлек қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың таңдамалы өлеңдерін аударған екен. Бізді Зафер мырзаның қазақша еркін сөйлейтіні бірден баурап алды.
Сұхбат • 14 Мамыр, 2019
Гөзел Құлжабаева: Көгалдандыру ісіне бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалады
Қаланы көркейте түсудің бір тетігі – талғаммен жүргізілген көгалдандыру ісі. Егер бұл шаруа тиімді ұйымдастырылса, мегаполистің миллиондаған қаражаты үнемделетіні анық. Арықтарды арнасына бұрып, тақыр жердегі туған ауылын адам танымастай өзгерткен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры Гөзел Құлжабаеваны әңгімеге тартқан едік. Кәсіпкер төрт жыл бұрын Алматы облысы Кербұлақ ауданының Басши ауылында еліміздегі алғашқы тақырыптық «Абай бағын» отырғызды. Басшиге барғанымызда, бүкіл Қазақстанның көбелегі Құлжабаеваның ауылына ұшып барғандай әсер қалдырған-ды. Бүгінде оның демеушілігімен бұл өңірде 2 гектар жерде қарағайлы бақ, 7 гектарда көктерек орманы, халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың құрметіне отырғызылған 5 гектар алма бағы, 10 гектарда «Батыр аналар» саябағы қоса жайқалып тұр. Ауылдың мектептері ботаникалық баққа айналды.
Медицина • 14 Мамыр, 2019
Сусамырдың алғашқы белгісімен күрес әлемдік сипатқа ие
Өмір сүру салтының, тамақтану мәдениетінің өзгеруі белгілі бір дерттердің белең алуына әкеліп отыр. Кез келген кесел емдемесе қауіпті, алайда сусамырдың бастапқы белгілерімен бірден күреспесе, жүре келе жазылмас ауруға, мүгедектікке, тіпті ажалға душар ететінін көзі ашық адам біледі. Мәселен, оның басы – диабеталды ауруы.
Экономика • 14 Мамыр, 2019
«Браунис» – тәтті шоколадтар мекені
Бүгінде бизнесте айдарынан жел ескендердің көбінің артында алтын жылғаның үстінде отырған әке, қарға тамырлы байланысы бар күштік құрылым тұрғандай сезінетіндер бар. «Әкімнің баласы әкім, генералдың баласы генерал болады» деп шегелеп қоятындар да жетеді.