Тарих • 23 Қыркүйек, 2021
Бұл жәдігер дәл қазір ШҰАР құрамындағы Құмыл аймағы Баркөл қазақ автономиялы аудан орталығында орналасқан «Шыңжан Баркөл қазақ автономиялы ауданы қазақ мәдениет көрме сарайы» деп аталатын музейдің төрінде тұр. Бұйымның суретін 2009 жылы қазан айында Шыңжаң өлкесіне сапарлап барған, Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейдің ғылыми қызметкері Досымбек Қатыран түсіріп әкелген екен.
Тарих • 23 Қыркүйек, 2021
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған ортағасырлық Тайқазанның тарихи отанына оралғанына 32 жыл толып отыр. Тайқазан 1935 жылы қазіргі Санкт-Петербург қаласында өткен Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына үш айға жіберіліп, араға 54 жыл салып, 1989 жылдың 18 қыркүйегінде тарихи отанына қайта оралған болатын. Осыған орай Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Құт пен берекенің символы – Тайқазан» атты көрме ашылды.
Тарих • 23 Қыркүйек, 2021
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақмешіт филиалы мен Qyzylorda телеарнасының бірлескен «Құнды жәдігер» жобасы аясында мамандар Сыр бойында өмір сүрген Сейітпенбет әулиенің мұрасын түгендеді.
Тарих • 23 Қыркүйек, 2021
Жақында ресейлік «Кочевники Великой степи» деп аталатын оқырманы көп желілік топта мына бір дулығаның фотосы жарияланды. Жәдігер Жапонияның теңіз жағалауынан табылыпты. Анықтамалығында «татар-моңғол жарағы» деп жазылған. Татар-моңғол ұғымы жазушы Мұхтар Мағауинның тәпсірі бойынша – түркі-қыпшақтар. Демек, бұл бұйым арғы жағын айтсақ ежелгі көшпенділердің, бергі жағын айтсақ Ұлық ұлыстың іргесін қалаған бабаларымыздың мұрасы екені анық.
Бизнес • 23 Қыркүйек, 2021
Кәсіпкерге жер бермей, жігерін құм қылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында пандемия зардабы, әсіресе шағын және орта бизнеске ауыр тиіп отырғаны айтылды. Бүгінгідей күрделі кезеңде кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керектігін ескерткен Президент: «Кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгінгені жөн», деді.