Аймақтар • 29 Сәуір, 2019
Шымкенттіктер «Шыңырауды» тамашалайды
Шымкентке гастрольдік сапармен Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры келді. Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры алдымен қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында кезекті өнер сапарының жоспарымен бөлісті.
Сайлау • 29 Сәуір, 2019
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткізудің мәні мен маңызына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Оған еліміздің батыс бөлігіндегі жоғары оқу орнының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы және Ақтөбе облыстық жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысты.
Руханият • 29 Сәуір, 2019
Ынтымақ пен ырыстың тал бесігі
Осыдан ширек ғасырға жуық уақыт бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығы мен өміршеңдігін уақыттың өзі дәлелдеп берді.
Қоғам • 29 Сәуір, 2019
Өндірістік жарақатқа жол бермейік десек...
Статистика жыл сайын елімізде жұмысшылардың өндірісте апатқа ұшырап немесе жарақат алып, мүгедек болып қалатынын көрсетеді. Демек, өндірісте қауіпсіздікті арттырып, адамдар өмірін сақтау – ең өзекті мәселе екені даусыз. Осы тұрғыда еліміздегі ірі жұмыс беруші саналатын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ соңғы 7 жылда өндірістік жарақатты жыл сайын орташа есеппен 1,5% деңгейінде төмендетуге қол жеткізуі бұл бағытта жетістік деп бағалаған жөн.
Руханият • 29 Сәуір, 2019
«Жолбарыс сынды ақырғы, Оспан батыр атылды»
Сәуірдің 29-ы – «Жолбарыс сынды ақырғы, Оспан батыр атылды» деп ақын Жәркен Бөдеш жырлағандай, ХХ ғасырдың 40-жылдары Шыңжаң-Алтай қазақтары арасында өрбіген ұлт-азаттық қозғалыс көшбасшысы Оспан батыр Исламұлының атылған күні. Сонымен қатар биыл асылзаданың туғанына 120 жыл толып отыр. Осы орайда Алматы қаласында тұратын батырдың туған немересі Өркен Нәбиұлымен сұхбаттасқан едік.