Әлем • 26 Мамыр, 2021
Цифрлы валюта шығарудың сәтсіз әрекеті
НЬЮ-ЙОРК. 2019 жылғы маусымда Facebook батыл мәлімдеме жасады. Бір жыл ішінде жаңа әлемдік валюта – Libra-ны іске қосатынын хабарлады. Жоспар бойынша трансшекаралық операцияларда ұлттық валютаға балама ұсынылып, банк қолданбайтын миллиардтаған адамға арналған төлем желісі жасалуы тиіс еді. Дижитал ақша негізін қатаң сақтаған Libra-ны Швейцариядағы қауымдастық шығаруы керек-тұғын. Сондай-ақ ұлттық валюта себетінде сақталып, дербес елдерге тәуелді болмауы тиіс еді.
Қазақстан • 21 Мамыр, 2021
Мемлекет ипотека нарығынан ығыспақ па?
Биыл «Баспана хит», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыру аяқталады. Ал келер жылы «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады деп жоспарлануда. Аталған жағдай елдің тұрғын үй нарығына, банк секторына қалай әсер етпек? Бұл бұқара халықты баспаналы болу бақытынан айырмай ма? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Әдебиет • 13 Мамыр, 2021
Хорхе Луис Борхес. Бұл есімнің дабысы қалың оқырманның арасына қанық шыққан жоқ. Есесіне, оны қолына қалам ұстаған әрбір қаламгер жақсы біледі. Неге десеңіз, әдебиетте «ақындардың ақыны», «жазушылардың жазушысы» деген ұғым бар, Борхес те солай. Мысалы, Францияда Стефан Малларме, орыста Велимир Хлебников секілді ақындар бар. Оларды әдебиет сыны «ақындардың ақыны» деп атайды.
Әдебиет • 13 Мамыр, 2021
Дара қаламгерлердің әрқайсысының өзіне тән стилі болады. Ол содан ауытқымайды. Шығарма авторы көрсетілмесе де, стилі арқылы танып алуға болатын қарымды қаламгерлердің бірі – Мархабат Байғұт. Суреттеудің, оқиғаны, детальды ойнатудың қапысыз шебері. Мысалы, «қарамайлы шпалдайын қарапайым теміржолшылықтан түксіз-дымсыз күйде зейнеткерлікке шығып, арзымас ақшаға күнелтетін Бісміллә» деген суреттеудің өзінен Бісміллә шалдың әлеуметтік портретін айқын танисың.
Қазақстан • 13 Мамыр, 2021
Ағайындар азаматтық ала алмай жүр
Тобыл өңіріне, негізінен Моңғолия мен Өзбекстаннан оралған қандастар орныққан. Ертеректе келгендер бүгінде жергілікті халықпен тонның ішкі бауындай біте қайнасып, сіңісіп кетті. Моңғолиядан келген қандастардың дені мал өсіруге қолайлы елді мекендерде шаруасын ұқсатып, құда-жекжатты болып, құтты өңірге тамыр жіберіп, өсіп-өніп отыр. Қоғамдық өмірге белсенді араласып, өңірдің мәдени-рухани дамуына үлес қосып жүргендер де аз емес. Ал Өзбекстаннан қоныс аударғандар көбіне кен өндірісі дамыған Рудный қаласының маңына шоғырланған.