Коронавирус • 10 Тамыз, 2021
Қаза, өлім-жітім көбейген күндерде Алматының мешіттері де қазіргі ахуалдан қалыс қала алмайды. Бір жағынан дін мен дерттің байланысы, ем қабылдауда да өзіндік пәтуалар бар екенін жоққа шығаруға болмас. Мәселен, шипасы бар тұнбалар мен дәрі-дәрмектердің құрамында этил спирті немесе шошқа майы болуы мүмкін.
Тарих • 10 Тамыз, 2021
Бытығайдан бүтін құмыра табылды
Мемлекеттік бағдарлама аясында Мәдениет және спорт министрлігі Бозоқ мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық мекемесі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданының орталығынан шығысқа қарай Нұра өзенінің сол қапталында екі шақырым қашықта орналасқан Бытығай (Ботағай) ескерткішіне археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, ортағасырлық қыш құмыра тапты.
Өнер • 10 Тамыз, 2021
Мінезі аңқылдаған, дауысы саңқылдаған әнші
Тотыдайын таранған, Сұңқардайын сыланған, Сұлу Жібек бар ма екен? – деп, термені бастағанда Кеңес аға шабыттанып, ерекше бір күйге түседі. Дауысы шаңқ еткен қыранның үніндей саңқылдап шығады. Әр сөзін шегелеп айтады. Оны танымай қаласың. Әдеттегі биязы мінезінің қайда кеткенін білмей аң-таң боласың.
Экономика • 10 Тамыз, 2021
Тау-кен және металлургия саласында түбегейлі жаңа технологиялар
Қазақстан ғалымдары еліміздегі қиын өндірілетін, сапасы төмен және есептен шығарылған шикізат қорларын тиімділігі жоғары экономикалық айналымға тартуды қамтамасыз ететін әлемдік деңгейдегі технологиялар кешенін жасады.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2021
Жол түзелмей, туризм дамымайды
Өскемен – Талдықорған, Қалбатау – Майқапшағай күре жолдары былтыр пайдалануға берілуі керек еді. Алайда жолшылар пандемияны сылтауратып, құрылыс жұмыстарын сағызша созды. Әйтпесе, Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келгенде аталған күре жолдар 2020 жылдың соңына дейін ашылуы қажет деп тапсырған. Енді, міне, 2021 жылдың жазы да өтіп барады, Талдықорған бағытындағы жолда қыбыр еткен техника, жыбыр еткен жұмысшы жоқ. Алакөл, Аягөз бағытына жиі қатынайтын жолаушылар солай деседі.