Аймақтар • 30 Сәуір, 2019
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті Түркістан облысында «Суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі отырыс өткізді.
Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті
Кеше елордада Қазақстан-Мажарстан инвестициялық бизнес-форумы өтті. Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганың елімізге сапары аясында өткен шараға екі елдің мемлекеттік органдарының басшылары, 150-ден астам бизнес өкілі қатысты.
Үкімет • 30 Сәуір, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының студент жастардың жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы қаралды.
Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Біздің бала күнімізде көкелеріміз жеңгелерімізді атқа өңгеріп немесе трактордың тар кабинасына екі бүктеп тығып та әкеле беруші еді. Үйге бір әкеліп енгізген соң көкеміздің ештеңемен шаруасы жоқ, бір нәрсені тындырып тастағандай шіреніп «мен әкелуін әкелдім, ендігісі сіздердің міндеттеріңіз» дегендей, маңғаз қалып танытып, екі қолын қалтасына салып шікірейіп, шіреніп тұратын. Мұнан соң ауыл-аумақтағы кемпір-сампырларға кәдімгідей жұмыс табылып қалады. Жаңа ғана босаға аттаған келінге орамал жабу, оны үйге адыраспан түтетіп, табаға май салдырып, оң аяғымен аттату, ақ шымылдық ішіне кіргізу, қуғыншыларға бөлек дастарқан әзірлету, қыз сыңси бастаса «ата-бабалар салтын» көлденең тарту, өзінің де бір кездері осылай келгенін айтып, жап-жақсы өсіп-өнгенін тәптіштеп түсіндіру, иландыру – өз алдына бір институт болатын.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2019
Сақтандыру индустриясында ойын тәртібі өзгеруге тиіс
Таяуда Алматыдағы алқалы жиында бас қосқан халықаралық сарапшылар «Тәуекел менеджментінің бизнеспен, экономиканың түрлі секторларымен ықпалдастығын қалай тиімді етуге болады?» деген тақырыпты талқылады. Әрісі – Лондон, берісі Ресейден келген сарапшылардың пайымдауынша, 2019 жылғы назар аударылуға тиіс мәселелер осы күнге дейінгілерге мүлдем ұқсамайды. Мұндай болжам айтуға 2018 жылғы экономикада байқалған факторлар себеп болып отыр.