Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Отандық білім жүйесіне батыс мектебінің бар жақсысын енгізу қажет
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тармақтарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Биыл осы жобаның 2-кезеңі аяқталып, 30 оқулық көпшілікке таныстырылды. Солардың қатарында батыс мектебінің ең үздік оқулықтарының бірі, халықаралық британдық заңгер Малколм Шоның «Халықаралық құқық» (International Law, Malcolm N.Shaw) еңбегінің сегізінші басылымы аударылды.
Сұхбат • 30 Сәуір, 2019
Сайлау барысы халықаралық назарда
Биылғы жылдың 9 маусымына Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні бекітілді. Осыған орай қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясында өзіне тән тиісті жұмыстар жан-жақты жүргізіліп жатыр. Ал кез келген мұндай сайлауды бақылайтын халықаралық байқау институттары үшін сайлау науқанының мөлдірлігі маңызды. Сонымен қатар бұл сайлауға тек біздің еліміз ғана емес, әлем назарын тігіп отыр. Ендеше, осы сайлаудың қазіргі барысы туралы білу үшін біз Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш БАЙМОЛДИНАҒА жолыққан едік.
Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында «Атқа міну мәдениеті» тарихын жіті, жетік толғай отырып: «Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды» деп, немесе: «Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы...», деп тайға таң басқандай етіп жазады.
Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Қоржынкөл стансасының оңтүстік жақ бетінде шамамен он шақырымдай жерде Мыңшұңқыр қорымы бар. Осы қорымда Алаштың небір жақсы-жайсаңы мәңгілік тыныштық құшағына бөленген. Көп жақсының бірі, жыраулық поэзияның көрнекті өкілі, жалынды жыршы, данагөй абыз Үмбетей жырау да осы жерде жерленген.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2019
Киіз үй – қазақтың мақтанышы болса, оның Маңғыстауда көнеден бүгінге дейін тіні құрымай сақталып, жасау-жабдығы түгел қалпында жетуі – өңір мерейі. Бүгінде «құрастырмалы, қорғанды» үйлердің алуан түрі қолданысқа енгендіктен киіз үй тұрмыста бұрынғыдай кең көлемде пайдаланыла бермейді. Өкініштісі, қытайдың «темір құрсанған» киіз үй қалыптас үйлері той-томалақты иемденіп алса, қазақтың киіз үйлері қаралы садақаларда марқұмды соңғы сапарға шығарып салу орны міндетін атқарып жүр. Тіпті ауылдағы қарт кісілердің келін-бала қараусыз қалдырған киіз үй үшін алаңдап, «ертең менің соңғы сапарыма дейін құрт-күйе жемей, сақталса деп едім» деп мұңаятыны бар...