Әдебиет • 22 Қаңтар, 2024
Толстой болмысы – әрдайым ілгері жылжып отыратын ағын судай күрделі құбылыс. Данышпан өмірінің соңын суреттеген Ромен Роллан: «Соғыс аяқталды. Ол 82 жылға созылды және Толстойдың өмірі оның ұрыс алаңы болды» деп түйеді.
Әдебиет • 22 Қаңтар, 2024
Дүниеде ананың балаға деген махаббатындай махаббат жоқ шығар. Мүмкін дүниені ұстап тұрған да сол болар. Одан озған, оның алдына түскен сезім болса өзіңіз айта жатарсыз. Біздің далада ертеден, тіпті бірнеше мыңжылдықтар бұрын қалыптасқан дәстүрдің озығы – шешелерімізді қастерлеу, қадіріне жету – ең қасиетті іс. Ерте түрік дәуірінен бері келе жатқан тас балбалдардағы әйел-ана бейнелерінен ғана емес, ертегі, аңыз, жыр-дастандарымыздан, қысқасы ұлттық әдебиетімізден анық көрінеді. Әрідегі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларынан басталатын алтын тамырдан жүлге тартқан небір інжу-маржандар тізіле келіп, ұлы рухпен суарылған құндылықтар ырысын еселей түседі.
Президент • 22 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бірлігіміз – әралуандықта
Мемлекет басшысы Рим Папасының шақыруымен Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарымен барды. Кездесуде Қазақстан Президенті адамзаттың игілігі жолындағы қажымас қайраткерлігі мен қажырлы күш-жігері үшін Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірді.
Саясат • 22 Қаңтар, 2024
Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысы Апеннин түбегінде аталған елдің басшысы Серджо Маттарелла, премьер-министр Джорджа Мелони, Рим Папасы Францискпен және жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Бірқатар маңызды келісім жасалды.
Сараптама • 22 Қаңтар, 2024
Жылыжай шаруашылығы дамыған еліміздегі ең ірі өңір – Түркістан облысында аумағы 1 640 гектарлық 3 366 жылыжай бар. Алайда осыншама жылыжайда өндірілетін өнім бағасы өңір тұрғындарының көңілін көншітпейді. Қарапайым тұтынушы түсінігінде жылыжай көбейген сайын, бәсекелестік бәсі өсіп, өнім арзандауға тиіс. Бүгінде қызанақ пен қиярды жылыжайы көп өңір тұрғындарының дастарқанынан сирек көресіз. Өйткені бағасы қарапайым халық үшін қымбат. Неге?