Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Өмірде жер ғана көтере алатын ауыр қасірет, ең үлкен қайғы – балалардың мезгілсіз ажалы және олардың ең жақын адамдарынан көрген зорлық-зомбылығы. Өкінішке қарай, зәредей кінәсі жоқ балдырғандар үлкендердің зұлымдығына, әлімжеттігіне қарсы тұра алмайды. Егер бейкүнә өмірді қиған жауыз өз әке-шешесі, яки жақын адамы болып шыққанда, қоғам абдырап, аспан айналып жерге түскендей күй кешетініміз анық.
Олимпиада • 22 Қаңтар, 2024
Астанада ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтіп жатыр. Ақтық сынға 1 мыңнан астам зияткер жолдама алған. Білім бәсекесі 25 қаңтарға дейін жалғасады.
Тұлға • 22 Қаңтар, 2024
Қастеев тойына дайындық қалай жүріп жатыр?
Биыл қазақ бейнелеу өнерінің бозжусан бейнесіне айналған Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойы. Оған «Егеменнің» бетінде кеңінен тоқталғанбыз. Дегенмен халық санасында «ел-жұрты не істеп жатыр екен?» деген заңды сауал туады. Жақында қабырғалы қаламгер Бексұлтан Нұржекеұлы Жетісу облысы әкімінен суретшіге Жаркентте үлкен көше беруін сұрады. Одан бөлек, жерлестері музейіне де көңіл бөлінсе деген тілегін жолдауда.
Экология • 22 Қаңтар, 2024
Көкшетау өлкесі қолдың саласындай ақ қайың мен мәңгі жасыл қарағайлары қаулай өскен орман-тоғайымен көрікті. Осы бір әдемі суретке қисапсыз көгілдір көлдерді қоссаңыз, сұлулық кенересі мелтектеп тұрар еді.
Олимпиада • 22 Қаңтар, 2024
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші күні артта қалды. Қазақстан қоржынында әзірге екі медаль бар.