Білім • 11 Мамыр, 2023
Білімнің күйреуі – ұлттың күйреуі
Адам тіршілігінде өмір сүруін айқындайтын құндылық тым көп емес. Солардың бірі ғана емес, бірегейі, әрине, білім. Тіпті адам баласы жарық дүние есігін ашқан күннен бастап-ақ айналасын танып-білуге кірісетіні белгілі. Алдымен анасын таниды десек, содан кейін отбасын, ортасын... Екі жастан кейін-ақ балабақша табалдырығын аттайды. 6-7 жасынан мектепке барады. Осынау балалық шағында-ақ қоршаған ортасын танып, көп білім алып, бала (дұрысы – кішкентай адам) болып қалыптасып үлгереді. Яғни бұл шақ – шындығында да мықты іргетас немесе осал негіз болады.
Ұстаз • 11 Мамыр, 2023
2016 жылы 21 мамырда шыққан «Орталық Қазақстан» газетінің қиындысы қолыма қашан түскенін есіме түсіре алмадым. Онда «Тұңғыш һәм дара» атты мақала жарияланыпты. Авторы – Ерсін Мұсабек. Мақала кейіпкері – қарағандылық математик Айбат Рафхатұлы Ешкеев. Қазақты әлемге танытып жүрген көрнекті ғалым алпысқа толыпты. Соған орай жазылған жып-жылы дүние екен. Атақты жерлесіміз докторлық диссертациясын Новосібірдегі математика ғылымының майталмандары алдында қазақ тілінде қорғаған. Бұл да екінің бірінің қолынан келмейді.
Туризм • 11 Мамыр, 2023
Еліміздегі ең көне шаһарлардың бірі Түркістан бүгінде инфрақұрылымы дамыған, мәдени орталықтары көз тартатын жасыл желекті, көрікті қалаға айналды. Соңғы жылдары ерекше өзгерген қастерлі шаһар енді ұлтымыздың рухын көтеретін келешегі кемел Түркістан ретінде де дамып келеді. Осы қаланың байырғы тұрғыны мені заманауи да ерекше архитектуралық шешіммен, шығыстық үлгімен салынған жаңа ғимараттардың көптігі қуантады. Туризмнің дамуына, қонақтарға сапалы қызмет көрсетуге септігін тигізетін нысандар көп.
Спорт • 11 Мамыр, 2023
Италияның астанасы – Римде теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы «Мастерс» турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның төрт ойыншысы бақ сынауда.
Өндіріс • 11 Мамыр, 2023
Таяуда Алматы қаласындағы «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастыруымен отандық тауар өндірушілердің «Ұлттық өнім» жетінші жыл сайынғы көрмесі ашылды. Көрмеге Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева, Парламент депутаттары мен шағын және орта бизнес саласындағы 300-ден аса өкіл қатысты.