Тәуелсіздік • 26 Мамыр, 2021
Тәуелсіздік – халқымыздың ең басты құндылығы
Кез келген халықтың ең үлкен құндылығы – елінің тәуелсіздігі. Ата-бабамыз аңсап өткен тәуелсіздікті қадірлеу, оны бағалай білу – баршамыздың ең басты парызымыз. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп айрықша атады.
Қоғам • 26 Мамыр, 2021
Инклюзивті білім: Ерекше балаларға ерекше қолдау
Оқу жылының аяқталып қалғанына қарамастан, Қостанай қаласындағы №27 орта мектептің жанынан инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Бүгінде Қостанайда ерекше білім беру қажеттілігі бар 2 мыңнан астам бала тұрады. Оның 471-і қала мектептерінде білім алып жатыр. Мәселен, былтырдан бері жұмыс істеп жатқан Рудный қаласындағы №17 мектеп директорының орынбасары Гүлнар Кашбулинаның айтуынша, Тұңғыш Президент қорының қолдауымен пайдалануға берілген жаңа кабинет мүмкіндігі шектеулі балғындардың бұрынғыдай үйде жалғыз отырып емес, мектеп қабырғасында, көпшілік ортада басқа балалармен тең дәрежеде білім алуына жол ашып отыр.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2021
Кеше еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Бұл – оқушылар үшін бір жылдық ізденіс пен талаптанудың қорытындысы, жаңа белеске қадам басудың белгісі. 1-8, 10 сыныптардың білім алушылары ұстазының үнін сағынатынын сезсе де, 3 айлық каникулдан кейін келетініне, кездесетініне үмітпен, уақытша қоштасқан шығар. Ал мектеп қабырғасына қайта келмейтінін, ендігі оқуын колледжде немесе университетте жалғастыруды жоспарлап отырған білімсүйер түлектердің (9, 11, 12 сыныптар) тұла бойын қимастық билегені анық.
Әлем • 26 Мамыр, 2021
Бүкіл елді қалай вакцинамен қамтамасыз ету керек?
ВАШИНТОН, КОЛУМБИЯ ОКРУГІ. Коронавирус пандемиясы барлық адам, соның ішінде кедей елдердің тұрғындары вакцинаға қол жеткізгенге дейін аяқталмайды. Дүние жүзінде жаппай екпе егу инфекциялардың таралуын тоқтатудан, адамдардың өмірін сақтаудан, өмірімізді қайта қалпына түсіруден мол үміт береді. Адамдар өздерін коронавирустан қауіпсіз сезінбейінше, қайта оқып, жұмыс істеп, саяхатқа шығып, әлеуетін пайдалана алмайды.
Әлем • 26 Мамыр, 2021
Цифрлы валюта шығарудың сәтсіз әрекеті
НЬЮ-ЙОРК. 2019 жылғы маусымда Facebook батыл мәлімдеме жасады. Бір жыл ішінде жаңа әлемдік валюта – Libra-ны іске қосатынын хабарлады. Жоспар бойынша трансшекаралық операцияларда ұлттық валютаға балама ұсынылып, банк қолданбайтын миллиардтаған адамға арналған төлем желісі жасалуы тиіс еді. Дижитал ақша негізін қатаң сақтаған Libra-ны Швейцариядағы қауымдастық шығаруы керек-тұғын. Сондай-ақ ұлттық валюта себетінде сақталып, дербес елдерге тәуелді болмауы тиіс еді.