Аймақтар • 29 Маусым, 2021
Айтылмаған Алтайдағы сарқырама
Қайдан білгенбіз?! Осы уақытқа дейін еліміздегі ең биік сарқырама Жоңғар Алатауындағы Бұрхан бұлақ, Алтайдағы Көккөл екен деп жүрсек, одан да биігі бар екен ғой. Көнекөздер айтпақшы, Өр Алтайдың бүккен сыры көп. Әнеугүні тау кезбе фотограф Евгений Домашев тікұшақпен Мұзтауға қарай ұшып бара жатып, жақпар тасты шыңнан құлай аққан биік сарқыраманы суретке тартыпты.
Өнер • 29 Маусым, 2021
Биыл Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 75 жыл толды, соған орай «Астана Опера» театрында дәулескер күйшіні еске алуға арналған «Күмбірле, асыл домбыра!» атты кеш өтті.
Экономика • 29 Маусым, 2021
Таңбалауды енгізу кейінге шегерілді
Осы жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда аяқкиімді міндетті цифрлық таңбалау енгізілуге тиіс еді. Алайда оның уақыты 1 қарашаға шегеріліп отыр. Сала өкілдерімен болған кеңестің қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды.
Қоғам • 29 Маусым, 2021
Қауіпсіздікті қадағалайтын жаңа жүйе
Модульдік полиция бекеттері – «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша іске қосылған реформалардың нақты бір көрінісі. Жыл басынан бері облыс орталықтарында бой көтеріп, тәулік бойы жұмыс істеуді бастап кеткен стационарлық бекеттер ел Президентінің Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасынан туындаған іргелі бастама болып саналады.
Аймақтар • 29 Маусым, 2021
Қызылқоға ауданында Тайсойған деп аталатын ауыл бар. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мұнда ауылдық округ құрылды. Қазір ауылдағы 134 отбасыда 877 тұрғын бар. Сондай-ақ 4 кәсіпкерлік нысан мен 47 шаруа қожалығы жұмыс істейді.