Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Мұнай өндірумен бірге өрілген ғұмыр
Маңғыстауда «Кезби» десең, «ол не еді?» деп кері сұрақ қоятын адам табыла қоймас. Компания бұл деңгейге қиын кезде тығырықтан шығар жол тауып, талай жанның нәпақасын айыруға мұрындық бола алған іскерлік пен ұйымдастырушылық, сондай-ақ қызмет көрсетудегі сапа мен кәсіби шеберлік арқылы қол жеткізді.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019
Сәт Тоқпақбаев! Генерал-полковник, қоғам және мемлекет қайраткері!Желмая уақыт зымырап өтіп жатыр. Бірақ Сәт аға дегенде жүрегім ерекше толқиды. Мүмкін бұл Сәкеңді жас кезімнен білетіндігімнен бе екен? Әлде Парламент Мәжілісіндегі депутаттық қызметімде ол кісі министр кезінде қорғаныс, қауіпсіздік мәселелері бойынша қабылданатын заңдарды талқылау барысындағы сыйластық пен сырластықтың қалыптасуы, кейінірек Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде бірге халық аманатын арқалап қызметтес болғандықтан ба, Сәкеңмен ағалы-інілі бір құрметтестік алтын желі қалыптасты.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2019
Президент Жарлығы қалай жүзеге асуда?
Жуырда Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру барысы жөнінде баспасөз конференциясы өтті. Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков қатысты.
Әлем • 05 Қыркүйек, 2019
Ресейде оқыған қазақ өнерпаздары мұрағатын түгендеуге не кедергі?
Еліміз тәуелсіздік алғалы төл тарихымызға қызығушылық артып, өткен күндердің талай қатпарлы беттері ашылды. Арнайы мемлекеттік бағдарламалар түзіліп, алыс-жақын шетелдердегі баға жетпес құнды мұраларымызбен қауыштық. Кеңестік дәуірдің идеологиялық көзқарасына қайшы келетін небір құнды құжаттар мен рухани әлемімізді байытатын мұраларымыз еліміздің, халқымыздың мәдени-рухани айналымына қайта еніп, көптеген жаңалықтың беті ашылды десек те, әлі де толыққанды игерілмей жатқаны қаншама? Кеңес Одағы тұсында Ресейдің айтулы білім ордаларында Қазақстаннан кімдер оқыды, белгілі тұлғалардың шетел архивтерінде сақталған құжаттарына қол жеткізуге не кедергі болып отыр? Ресей архивтеріндегі осы және басқа да өзекжарды мәселелер туралы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Аманкелді МҰҚАН баяндайды.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Қазақстандағы жаңа кезеңнің жол картасы
Қазақстанның жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен халықтың байланысын нығайтуға бағытталған халыққа арналған манифест іспетті Жолдауында елдің келешектегі бағытын айқындап берді.