Қоғам • 20 Тамыз, 2019
«Адамды өмірге құлшындыратын да, алдағы үмітіңді шындыққа айналдыратын құдіретті нәрсе – еңбек», дейді байырғы ұстаз, бұл күндері зейнеттегі Қарлығаш Бекмұханбетова.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Ұлы даланың тілде өрілген тарихы
Бүгінгі күні ұлттың, нақтылап айтқанда, қазақ халқының өзін өзі іздеуі, өзіндігін табуы айрықша өзектілікке ие болып отыр. Ғылымда ұлттың өзіндігін айқындауды «ұлттық бірегейлік» деп атау орныққан. Бір қарағанда бұл жеңіл, ешқандай күрделілігі жоқ мәселе болып көрінуі мүмкін. Ал шынтуайтына келгенде, қазақты қазақ етіп тұтастырып тұрған не, қазақ ұлтының тек өзіне ғана тән, өзгелерден ерекшелеп тұрған басты айырымы неде, қазақ десе ойымызға не оралады, көз алдымызға қандай түсінік-елес үйіріледі, қазақты ұлт ретінде ұйыстырып тұрған басты қандай құрал, қазақты алға құлшындыратын, рухына қуат, көңіліне шабыт беретін қандай қасиет деген сауалдар тізбегі көлденең шыққанда, абдырап, кәдімгідей ойланып қалатынымыз белгілі. Сөз жоқ, бұл сұрақтарға көңілге қонымды, уәжі толымды, қисынға нанымды жауап іздеу және табу, бұлтартпас фактілерге сүйеніп тұжырымдау өзекті де қажетті мәселелердің қатарында.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Дәлме-дәл егіншілік тәжірибесі Қызылжар өңірінде кең қанат жая бастады
Озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып дәлме-дәл егіншіліктің артықшылықтарын кеңінен пайдалану Қазақстан үшін де өте маңызды. Бүгінгідей цифрлы технологиялар дәуірінде бұл саланы жандандыру, тың индустрия ретінде қалыптастыру, сөйтіп агроөнеркәсіп кешенін экономиканың басты локомотивіне, жаңа драйверіне айналдыру мүмкіндіктерін тудыру есебінен әлемдік экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру секілді міндеттер тұр. Оның бірден-бір жолы ауылшаруашылық жерлерін талапқа сай игеру болмақ.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Облыс орталығы Талдықорғаннан шалғайлау жатқан таулы өлкеде, теңіз деңгейінен 2 мың метрден жоғары жатқан Райымбек ауданында өндірілген азық-түліктің, ет пен сүттің, қымыздың дәмділігін айтпағанда, сапасы да өте жоғары. Көк құрағы келісіп, сан түрлі гүлдері көз жауын алған өңірде дайындалатын балды айтсаңызшы!..
Әлем • 20 Тамыз, 2019
Индонезия астанасын ауыстырады
Көптен бері ел аузында жүрген бұл бастаманың да жүзеге асатын уақыты таяп қалды. Жақында Индонезия президенті Джоко Видодо парламенттен астананы Жакарта қаласынан көшіруге ресми түрде рұқсат беруін сұрады.