Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Бас басылымның «Егеменге елден келді» айдарымен Казатком ауылы тұрғындарының шағымына байланысты «Ауыл ауыз су құбырын тартуға наразы»(№51, 2019 жыл) атты мақала шығып, онда суы бар елге тағы қосымша су желісі тартылып, орынсыз мемлекет ақшасының шашылуына саналы түрде жол берілгені атап көрсетілген еді. Топалаңнан өлген мал өлекселері көмілген аймақтан өткен жаңадан төселген су құбырлары қазіргі істеп тұрған өзіміздің суға жалғанбай, одан бері 5 жылдай тыныштық орнаған сияқты еді. Бірақ олай емес екен, біз ұмыта бастағанмен әкімдер ұмытпапты. Бұл мәселе облыстық «Алатау арайы» басылымының былтырғы №17 санында жарқ етіп қайта көтерілді.
Қылмыс • 29 Қаңтар, 2024
Жангелдин ауданының Ақкөл ауылындағы мектепте өткен жаңа жыл кеші 15 жастағы оқушының өлімімен аяқталды. Мерекелік кеште ауылға демалысқа келген колледж студенті мен 9-сынып оқушысының арасында туған кикілжің сырттағы төбелеске ұласқан. Оның арты белгілі – шалғай түпкірде жатқан аядай ғана ауылда бір әулет қара жамылып қалды.
Руханият • 29 Қаңтар, 2024
Газеттің мәдениет және әдебиет бөлімінде істеген соң, көркем шығарманы талдау, сыни пікір айту, рецензия жазу секілді әдеби ғадеттерден алыс кетпейміз. Әрине, кәсіби сыншы болмасақ та, қадари-халімізше өз ой биігімізден тәуір сөз айтуға тырысамыз. Десек те әр жазар қаламның бағытын айқындайтын беттүзер, ойтүзер, сөз суырар, кейде оталып, шабыттанар, темірқазық бір авторы болатыны анық. Ол өзі ылғи компьютеріңнің маңайында, қолсозым жерде жатады. Күнде жазып жүрген жазуың аяқасты қағазға түспей, қаламың кібіртіктеп, дүниенің азабына айналған сәтте сол бір аяулы кітапқа құшырлана қол жүгіртесің. Енді бір кезде оқып отырған мақалаңды өзің де жаза алатындай арқалана түсіп, жалың күдірейе түседі. Әдебиетшінің қалам-қуатынан күш алып, өз қаламың да жүгіре жөнеледі. Біздің сондай әбден парақталған киіз кітабымыздың бірі – «Шындыққа сүйіспеншілік», авторы – Сағат Әшімбаев.
Тұлға • 29 Қаңтар, 2024
Елімізде әйел жазушылары арасында алғаш роман жазған Сара Мыңжасарованың туғанына 100 жыл толып отыр. «Оқитын өлке» облыстық акциясының биылғы таңдауына осы автордың шығармалары енді. Жазушылықты кеншінің қауіпті де азапты еңбегіне теңеген Сара қыздың туған жері — Шалқар өңірінде осыдан бір жыл бұрын аудандық балалар кітапханасының атсалысуымен «Қазақтың тұңғыш романист қызы» атты әдеби кеш өткізілді. Аталған танымдық шараны ұйымдастыру барысында қаламгердің көзін көргендерді іздестіріп, естеліктерін тыңдаған едік.
Зерде • 29 Қаңтар, 2024
Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы
Биыл атақты «Мамания» мектебінің ашылғанына – 125 жыл. Әуелі шағын медресе болып іргесі қаланып, кейін айтулы білім ордасына айналған Қарағаштағы қарашаңырақтың бүгінде қиқымы ғана қалған. Өкінішті-ақ. Кеңес идеологиясына уланған буын оны қажет етпеді. Дегенмен тарихтың аты – тарих, талай ұлт зиялыларын тәрбиелеген рухани мекен кімге де болса ыстық. Оны ұрпақтың ұмытпағаны абзал.