Еңбек • 10 Қаңтар, 2024
Еңбектің үлкен-кішісі жоқ. Бұл қағидатты әр адамның санасына сіңіру маңызды. Тауықтың жұмыртқасын сатып та табысқа жетуге болады, тек ерінбесеңіз болғаны... Ал Құдай қолына өнер берсе, оның да игілігін көрген абзал. Мәселен, талдықорғандық кәсіпкер Ерлік Жақсылық мемлекеттік қолдауымен ағаштан ыдыс-аяқ жасайтын шағын цех құрды. Оның жасаған бұйымдары көтерме саудада үлкен сұранысқа ие.
Энергетика • 10 Қаңтар, 2024
Энергияны үнемді тұтынудың жолы
Our World in Data мәліметінше, Қазақстан, энергияны өте көп тұтынады. 2022 жылы жан басына шаққанда 44,7 мың кВт/сағ болған. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Анықтама үшін айтар болсақ, дүниежүзілік орташа көрсеткіш жан басына шаққанда 21 мың кВт/сағат. Еуропа елдеріндегі бұл көрсеткіш – 38,2 мың кВт/сағат, Азия елдерінде – 19,1 мың кВт/сағат.
Медицина • 10 Қаңтар, 2024
Дер кезінде дәрігерге қаралса, қай аурудың да алдын алуға болады. Дегенмен сырбойылық дәрігерлер кейінгі жылдары аймақта бүйрек ауруына шалдыққандар арасында жастардың қатары артып бара жатқанына алаң болып отыр. Экологиялық аймақ саналатын өңірде оның себебін де алыстан іздеудің қажеті жоқ. Сондықтан да дер кезінде скринингтік зерттеулерден өткен дұрыс екенін айтады мамандар.
Денсаулық • 10 Қаңтар, 2024
Тұмаумен ауырғандардың көптігі соншалық, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда екі есе артық екен. Өткен жылдың қазан айынан бастап 28 мыңға жуық облыс тұрғыны жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Оның жартысынан астамы – балалар.
Университет • 10 Қаңтар, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне 90 жыл толып отыр. Әрине, осындай білікті, бірегей оқу орнының өз тарихы, қалыптасқан жолы, мемлекетте алатын биік орны бар. Өткенді айтпай, бүгінді бағамдап, болашақты болжай алмайсың. Сондықтан да университет тарихын қайта бір жаңғыртқан кезде, әлбетте, өткен күндерге қалай да көз жүгіртесің, зерттейсің, талдайсың.