Мәселе • 11 Қаңтар, 2024
Меңдіқара ауданының Ұзынағаш аулында бір үйдің қорасына белгісіз жыртқыш түсіп, он шақты ұсақ малын қырып кетті. Тапа-тал түсте малға шапқан жыртқыш жеті қой, екі қозыны жарып өлтірген.
Алматы • 11 Қаңтар, 2024
Жайқалған жасыл желек – Алматының сәні. Күні кеше экология жанашырлары Алатау ауданында ағаш алқабының аяусыз оталғанын айтып, желі арқылы жұртшылықтың жанайқайын жеткізген еді. Көп ұзамай жағдайға түсінік берген қала билігі заңсыз әрекетке барғандар қылмыстық іске тартылғанын мәлімдеді.
Мәселе • 11 Қаңтар, 2024
Мектеп кітапханашысы қамқорлыққа зәру
Әйгілі жазушы Лев Толстой кітап оқудың маңызы туралы: «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей», деп жазған екен. Алайда қазіргі «ақпарат ғасырында» қажетті мағлұматты ғаламтордан іздеушілер көбейгенімен, терең білім мен рухани тәрбиенің қайнар көзі – кітаптың оқырман қатары сиреп бара жатыр.
Ауыл • 11 Қаңтар, 2024
Ауыл медицинасы жақсарып келеді
Жаңа жылда Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсай ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында 2023-2025 жылдар аралығында 50 медициналық нысанды жаңадан салу көзделген еді. Бұл ретте Мұратсайдағы ФАП – өңір бойынша 12-ші, аудандағы екінші медициналық нысан.
Медицина • 11 Қаңтар, 2024
Қатерлі ісікті емдеудің озық әдістері де әлі күнге дейін медицинада айтыс-тартыс туғызып келеді. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, онкологиялық дертке шалдығу сол елдің экономикалық көрсеткішіне пара-пар екені айтылады. Мемлекеттердің экономикасы өркендеген сайын обырға шалдығу да өрши түсетінін қалай түсіндіруге болады? Бұл сауалға отандық онкология саласының мамандары: «Мұның себебі көп. Әрине, экология, гендік модификацияланған өнімдерді пайдалану мен тұқым қуалаушылық та бар. Қуанышымызға қарай, біз көбінесе табиғи азық-түліктерді тұтынамыз» деп жауап берген екен.