Алматы • 11 Қаңтар, 2024
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын талқылауға арналған жиын өтті. Қоғам қайраткерлері, қоғамдық кеңес мүшелері мен жастар ұйымдарының өкілдерінен құралған сарапшылар сұхбатта айтылған өзекті мәселелерге қатысты ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Экология • 11 Қаңтар, 2024
Жалпы кезінде жарыса аққан Әму мен Сыр қатар толтырған теңіздің кешегісін көріп, айдынында жүзгендердің әңгімесін тыңдасаңыз қазіргі Кіші Аралды кәдімгідей қомсынып қаласыз. Дегенмен де ұшан теңіздің осы алақандай пұшпағын аман алып қалу оңай болған жоқ. Жергілікті жұрт сонау 1989 жылы-ақ ұлы теңізден бөлінген айдынның алдын әлденеше рет бөгеп, суы аса тұзданып, тіршілігі тоқтауға жақын қалған шалқар суды сақтап қалудың қамын жасаған. Бірақ су молайып, тұздылығы азайған жойқын су құмнан тұрғызылған бөгетті әлденеше рет шайып, талай мәрте еңбек еш кетті. Ұлы теңізге құлаған мол сумен бірге мыңдаған тонна балық ығып, ащы суда қырылып қалды.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2024
Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апаты көбейіп тұр. Қаңтардың алғашқы онкүндігінде өңірде 11 жол апаты болып, 12 адам қаза тапса, 21 жолаушы түрлі дене жарақатын алған.
Технология • 11 Қаңтар, 2024
Бұрын мүмкін емес болып көрінген дүние бүгін таңсық болмай барады. Дегенмен 3D сканердің жаңалық болып келгені рас-ты. Яғни қажет затыңызды өзінің цифрлық «көзімен» сызбасын сызып, көлемін дөп құяды. Сосын дайын нұсқаны 3D принтердің жадына жолдайды. Таңдаған материалыңыздан көшірмені айнытпай дайындап береді. Сынған бөлшегіңізді басқа жерден таппасаңыз, 3D технологияның көмегімен жасап алуға болады. Қарағандыдағы «KZ Transit» компаниясы жаңашылдықтың жалына жармасып, тұрғындарға дәл осындай қызметтерді ұсынып отыр.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Отандық стартап – қырғыз нарығында
«EasyTap» – бөлшек сауда саласындағы сағаттап жұмыс істейтін жұмысшыларды табатын онлайн-сервис. Ел ішіндегі ерекше жоба Қырғызстанда да іске қосылып, 1 мыңнан астам үміткер тіркелген.