Сұхбат • 11 Қаңтар, 2024
Бексұлтан Нұржекеұлы: Рух шындықта ғана болады
Бексұлтан Нұржекеұлы – замандастарымыздың санасына тоқылған есім. Адам жанының тереңіне бойлап, нәзік иірімдеріне батырар сыршыл жазушының үйінде болдық. Жақында алған «Халық жазушысы» атағымен құттықтап, ілтипат білдірдік. Қаламгердің денесі сергек, бойы тік. Сексеннің сеңгіріне шықса да, шүйілген қырандай әр сөзді анықтап, арындап сөйлейді. Бірде құйындай құдіреттеніп, бірде құмырсқадан әлсіз күйде жанарына жас үйіреді. Жанының түбінен тазалық атты тұмса қоңыраудың үні естілердей.
Таным • 11 Қаңтар, 2024
Дүниеде бар жаратылыс мүлдем жоғалып кетпей, тірі пендемісің, жан-жануар, құрт-құмырсқа болсаң болды, уақытың келгенде өліп барып қайта тірілетініңе шүкіршілік.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Ауру малдың етін сату – қылмыс
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өткен жылғы жазда «сібір жарасы» дертінің ушығып кеткенін, салдарынан 32 адам сырқаттанғанын айтқан еді. Одан кейін де жағдай едәуір өзгерген еді. Дерекке жүгінсек, өткен жылдың он айында «сібір жарасының» расталған 37 дерек тіркеліпті. Тіпті қазан айында «сібір жарасын» жұқтырған бір азамат бақилық болған.
Басылым • 11 Қаңтар, 2024
Жақында «Таңбалы» баспасынан (Алматы) филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы бастаған ғылыми зерттеушілер тобы (Ұ.Еркінбаев, К.Төребекова, А.Рақымбаева) құрастырған үштомдық «Қазақ әдеби-эстетикалық ой-пікірінің антологиясы» жарық көрді. Оның бірінші томы «Алаштық бағыттағы ой-пікірлер», екінші томы «Кеңестік кезеңдегі қазақ әдеби сыны», үшінші томы «Тәуелсіз елдің әдеби сынындағы көркемдік ізденістер» деп аталады. Бұл еңбек Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында орындалып, Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламалық-нысаналы жобасы негізінде жарияланып отыр.
Алматы • 11 Қаңтар, 2024
Алматыға тамсанған The New York Times
Әлемнің ең беделді басылымдарының бірі The New York Times жаңа жылда қыдырып баруға болатын жаһандағы 52 туристік дәстүрлі тізімін жариялады. Осынау айтулы тізімнің ортасынан біздің Алматы ойып тұрып орын алды. Дәлірек айтсақ, танымал басылымның нұсқасы бойынша Алматы қаласы тізімде 25-орында тұр.