Маман • 10 Қаңтар, 2024
Жылыжай білікті мамандарға зәру
«Ауыл» партиясының фракция депутаттары алдағы күндері 17 өңірге баруды жоспарлап отыр. Сапар барысында Павлодар облысы бойынша бірқатар ауыл шаруашылығы нысаны мен кәсіпорындар, шахталар, зауыттар, ауруханалар қамтылмақ.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024
Екібастұздағы жылыжай жабылмаса игі
Екібастұздағы «Greenhouse Qaztomat» компаниясында күрделі жағдай қалыптасты. Ұйымның жылыжайларында өсірілген қызанақтың жаңа гибридті түрін жергілікті өсімдік карантиніне жауапты мекемелер жою туралы ұйғарым жасаған. Салдарынан жылыжайдың үштен екісі карантинге жабылып, кәсіпорын 1 млн доллар шығынға батқалы отыр.
Экономика • 10 Қаңтар, 2024
Қазақстанның басты экспорттық маршруты саналатын Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы былтыр 63,4 млн тонна мұнай жөнелтілді. Бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 4 762 749 тоннаға артық және КТК тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болып тіркелді. Мұнайдың басым бөлігі, яғни 56 051 967 тоннасы Қазақстан территориясынан жіберілді.
Айбын • 10 Қаңтар, 2024
Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етпей, елдік реформаларды табысты іске асыру мүмкін емес. Бұл міндетті орындауда 10 қаңтарда құрылғанына 32 жыл толатын Ішкі әскерлердің құқықтық мирасқоры – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы зор рөл атқарады.
Басылым • 10 Қаңтар, 2024
Ғасырға жуық уақыт бұрын дәл осы күні – 1934 жылдың 10 қаңтарында маңдайшасында «Қазақ әдебиеті» ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алсын!» деген ұраны бар «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Тұңғыш редакторы – Ғабит Мүсірепов, жауапты хатшысы – Мұхамеджан Қаратаев. Редколлегияға Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Әйтеке Мусин, Ғабит Мүсірепов пен Мұхамеджан Қаратаев сынды марқасқалар мүше болды. Міне, содан бергі аттай зулаған 90 жыл ішінде әдеби басылым ұлт руханиятының діңгегіне айналып, туған әдебиетіміздің алтын қазығын қақты. Қалада да, қырда да талай қазақтың қойнына салып жүріп оқитын газетіне айналды. Бұл газеттің бетінде қаншама көрнекті тұлғалардың ізі қалды, қаншама ұрпақ тәрбиеленді, ұлттың сөзі сөйленді. Бүгінгі күнде де сол оқырман газет шығатын жұманың таңын асыға күтеді.