Пікір • 09 Қаңтар, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген сұхбаты бізді өткенге, әсіресе қоғамды әлі күнге дейін толғандырып келе жатқан, жаныңды сыздатар Қаңтар оқиғасына қайыра бір оралып, ой толғауға жетеледі.
Әскер • 09 Қаңтар, 2024
Өткен жылы еліміздің Қарулы Күштерінде әскерлердің жедел-жауынгерлік дайындығына бағытталған барлық іс-шара орындалды. Ауқымды жоспарлы оқу-жаттығулар мен жауынгерлік әзірлік барысына тосын тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар Абай, Батыс Қазақстан облыстарындағы өртті сөндіруге, Жамбыл облысында қар құрсауында қалған азаматтарды құтқару үшін Төтенше жағдайлар қызметіне көмек көрсетілді.
Ғылым • 09 Қаңтар, 2024
Ғылым мен технологияның қарыштап дамыған кезінде өмір сүріп жатырмыз. Тіпті ғылымдағы жаңалықтарға таңғалмайтын да болдық. Посткеңестік елдерде ғылымның кенжелеп қалғаны ешкімге құпия емес. «Ғаламдық жылынуға» байланысты тиімділікке, үнемділікке, экологиялық тазалыққа талап күшейе түсті. Энергияның кез келген түрін сақтау да күн тәртібінде тұр. Электр қуатын сақтайтын батареялардың дамуы электрмобильдер дәуіріне әкелді. Енді бірі – жылуды сақтау технологиясы. Табиғатта глаубер тұзы сияқты заттардың жылуды «сіңіріп алатын» қасиеті бар, керек кезінде сол жылуды қайта алуға да болады. Оны ағылшынша PCM-phase change material дейді. Зат бір термодинамикалық күйден (қатты, сұйық, бу) екінші күйге өткенде жылу бөледі не сіңіреді.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Тұғыры биік тұлғалар» атты иллюстрациялы кітап көрмесі ашылды. Дәстүрге айналған көрмеге биыл елімізде және ЮНЕСКО көлемінде мерейтойы өтетін тарихи тұлғалар мен қабырғалы қаламгерлер және белгілі қоғам қайраткерлеріне қатысты құжаттар, кітаптар, суреттер қойылған.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Қоғамды негізгі қозғаушы күш – әуелден журналистер қауымы. Өнері аспандағы жұлдыздарға жалғасқан ерен жүйрікті де, ғасырдың теңдесі жоқ теңізден терең ғұламаны да, тұлғасы таудан биік еңселі ерді де, қоршаған орта мен табиғаттың ғаламат, ғажайып көрініс кереметтерін де, ең әрісі Құдай Тағаланың пендесіне жіберген шапағат нұры мен қиямет-қайымын да ел-жұртқа жіліктеп отырып жеткізетін жанкешті еңбектің иесі – жансебіл журналистер қауымы.