Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Әлі де болса елімізде толық жолға қойылуға тиіс көкейкесті мәселенің бірі – балалардың сауықтыру лагерьлері мен демалыстарын тиімді ұйымдастыру. Көп жағдайда каникул кезіндегі лагерьлер онсыз да бала тоғыз ай тапжылмай отыратын мектептерінде ұйымдастырылып жататындықтан, мұның желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпақтың таным көкжиегіне де, денсаулығына да пайдасы шамалы.
Туризм • 10 Қаңтар, 2024
Экономикасын туризм саласы арқылы көтеріп отырған мемлекеттердің көбі – мұхит немесе теңіз жағасында орналасқан жұмсақ климатты аймақтар. Таиланд, Түркия, Біріккен Араб әмірліктері, Мальдив аралдары құмды жағалауымен, жағымды ауа райымен туристерді қысы-жазы қабылдайды. Алайда Франция жоғарыда аталғандардың біріне ие болмастан, саяхатшылар ағылып баратын елдер тізімінде көш бастап тұр. Туризм алпауыттарына айналған бұл елдер қомақты қаржы бөліп, осы саланы дамытуда алдына жан салмайды.
Пікір • 09 Қаңтар, 2024
Әркім өз таңдауын саналы жасағаны жөн
«Egemen Qazaqstan» газетінде «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлының ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жасаған кең көлемді сұхбаты жарияланды. Сұхбатта бірнеше маңызды мәселе қозғалып, көптен бері жұрт көкейінде жүрген АЭС туралы сұраққа да жауап бере кетіпті.
Пікір • 09 Қаңтар, 2024
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын егжей-тегжей оқып шықтық. Сұхбатқа көпшілікті толғандырған көптеген өзекті мәселе арқау етілген. Кейінгі жылдардағы елімізде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалар мен ішкі және сыртқы саясат туралы шешімдер, қоғамдағы түрлі жағдай қамтылған. Сонымен қатар экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда биыл жүзеге асатын бірқатар маңызды іс-шараға кеңінен тоқталды.
Пікір • 09 Қаңтар, 2024
Құқықтық жүйеге қатысты кәсіби жауап
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің бас газетіне берген сұхбатында қоғам мен мемлекет дамуының өзекті мәселелері қамтылған. Халықтың көкейінде жүрген, еліміздің болашағына байланысты күрделі сұрақтарға ашық та терең негізделген кәсіби жауаптар берілді. Президенттің құқық үстемдігін орнықтыру саласындағы ой-толғамдары ерекше назар аударады.