Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
«Қарызсыз қоғам» жобасының шапағаты
Қазақ қоғамы кейінгі онжылдықта түрлі несие шырмауына тәуелді болып қалды десек, артық айтқандық емес. Тұрғын үй, автокөлік, дәстүрлі той-томалақ тұрмақ, тұрмыстық техникадан бастап, киім-кешек, азық-түлікке дейін несиеге алу қалыпты өмір салтына айналды. Алайда бұл «қалыптылықтың» артында 8,5 миллионға жуық экономикалық белсенді халықтың қарызға батуы, оның ішінде 1,5 миллионнан астам адамның төлем мерзімін 90 күннен асырып алуы сияқты келеңсіз статистика тұр.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Инвестициялық келісімге қол қойылды
Қызылорда облысында 44 млрд теңгеден астам сомаға заманауи санитарлық-техникалық өнімді өндіру мен құрастыру зауытын салуға арналған инвестициялар туралы келісім жасалды.
Сұхбат • 18 Желтоқсан, 2025
Айдын РЫСБЕКҰЛЫ: «Рәміз» бен «нышан» – түрлі деңгейдегі белгілік категориясы
Бүгінгі қазақ тілінде «рәміз» бен «нышан» түрлі салада синоним сөздер ретінде қатар қолданылып келеді. Мысалы, «мемлекеттік рәмізді» кейде «мемлекеттік нышан» деп те жататынымыз белгілі. Алайда геральдика саласы мамандарының айтуынша, бұл қате, өйткені екі сөз – мағыналас болғанымен, семиотикалық жүйеде әртүрлі деңгейдегі белгілік категорияларды білдіретін ұғымдар. Рәміз және нышанның семантикалық мазмұны мен прагматикалық қолдану аясын ажырата талдау қазіргі қазақ тілінің терминологиясын жүйелеудегі маңызды міндеттің бірі екен. Осы орайда біз геральдист ғалым Айдын Рысбекұлын әңгімеге тартып, мәселенің ақ-қарасын айқындауды сұраған едік.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Белсенділер біліктілігін арттырды
Маңғыстаулық белсенділер «Көшбасшылар керуені» жобасы аясында Астанаға келді. Олар үш күн бойы елордадағы мемлекеттік органдардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Study tour» негізінде өңірдің дамуына қатысты мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.
Өнер • 18 Желтоқсан, 2025
Мәңгілік құндылықты қастерлеген
Әлемнің жарығын сыйлаған аяулы анаға деген құрмет қашанда заңғар таудай. Ананың мейірімі мен жан жылуы тіршілікке нәр беріп, ұлтын сүйер ұрпақ өсіріп, ата-баба дәстүрін жалғастырып, отбасы құндылығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқаны Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» музейінде өткен «Тұғыры тамырлы – Тәуелсіздік» атты мәдени іс-шараға арқау болды.