Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейтін халықпыз. Рас, қылмыстың қай түрі де – жазаға лайық. Осы орайда жазасын өтеген адамның қоғамға қайта оралуы, сіңісіп кетуі – әлдеқайда күрделі мәселе. Сол тұрғыда сотталғандарды еңбекке тарту мен олардың өмірге бейімделуіне жағдай жасау – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2025
Шекара шебіндегі ауылдардың ахуалы алаңдатады
Меңдіқара ауданының шекара түбінде жатқан елді мекендерінде адам қалмайтын түрі бар. Бүгінде бұл өңірдегі Төлеңгіт ауылында 10 үй (15 шақты адам), Құлшықайда 24 үй (30 шақты адам) қалды. Биыл елді мекен мәртебесінен айырылып, санаттан шығып қалған Байғожа ауылында 5-ақ үй (15 адам) отыр.
Ғалам ғажаптары • 19 Желтоқсан, 2025
«Google» енді құлаққап арқылы сөйлескен сөзді лезде аударып отыратын функцияны іске қоспақ. Жаңалық «Google Аудармашы» қосымшасында жұмыс істейді, яғни әңгіме үстінде айтылған сөз бірден екінші тілге ауысып, құлаққаптан естіліп тұрады.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Қызылордадағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жанынан «Қамқорлық» орталығы ашылды. Орталықтан шала туылған, неврологиялық, ортопедиялық белгілермен дүниеге келген үш жасқа дейінгі сәбилер көмек ала алады.
Ғалам ғажаптары • 19 Желтоқсан, 2025
Италияның солтүстігіндегі Стелвио ұлттық саябағы аумағынан мыңдаған динозавр ізі табылды. BBC агенттігінің хабарлауынша, кейбір іздердің диаметрі 40 сантиметрге дейін жетеді. Ғалымдар бұл таңбалар шамамен 210 миллион жыл бұрын қалған деп есептейді.