Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы: Саяси дамудың жауапты кезеңі
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде ауылдардың әлеуетін арттыру мәселесін де ұмыт қалдырмай, оны ұлттық саясатымыздың басым бағыттарының бірі ретінде қарастыруымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы ауылдық аумақтарды дамытуға тың серпін берген айрықша маңызды оқиға болды.
Ғылым • 19 Желтоқсан, 2025
«Жасыл сутегі» өндіретін қондырғы
Отандық ғалымдар «жасыл сутегі» өндіретін алғашқы кешенді стансаны жасап, іске қосты. Бұл олардың өз патенттері мен инженерлік әзірлемелеріне негізінде жасалған. Толық циклді сынақ қондырғы тек күн панельдері мен жел генераторларынан қуат алады.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Сапалы білім қоғамды алға жетелейді
Елімізде орта білім саласындағы іргелі істердің барлығы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізген жүйелі реформаларының нақты нәтижесі. Ел Президентінің білім сапасына, ұстаздар еңбегіне, бала қауіпсіздігіне ерекше қамқорлық көрсетуінің астарында терең өмірлік миссия жатыр. Ол – білім арқылы ұлт сапасын арттыруға деген бағдар. Мектеп инфрақұрылымының қарқынды дамуы, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымды дамыту жұмысының белсенділігі бұл салаға деген ерекше ықыластың айғағы.
Айбын • 19 Желтоқсан, 2025
«Sarbaz+» – жауынгерді шыңдайтын жоба
Бүгінгі цифрлық дәуірдің адамзат өміріне дендеп ене бастауы әскердегі құндылықтарды да өткен шаққа қалдыра бастады. Әрине, жауынгерлік дайындық, ептілік пен күштілік, білекті де білікті болуды әлі ешкім тізімнен сыза қойған жоқ. Десе де Қарулы күштерге цифрлық технологияларды дер кезінде енгізіп отырмасақ, көштің соңында қалып кететініміз белгілі.
Тарих • 19 Желтоқсан, 2025
Елдік жолындағы ерлік: Алаш арманын жүзеге асыруға бел шешкен боздақтар
Батысқазақстандық бір топ жастың 1940 жылы кеңестік тотаритарлық билікке қарсы «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» атты ұйым құрғаны, кейін әшкереленіп, аяусыз жазаланғаны ара-тұра жазылып жүретін. Жақында ғана газетіміздің 6 желтоқсан күнгі нөмірінде жарияланған «Азаттықты аңсаған жастар» атты мақала оқырман қауымды тағы да елең еткізді. Автор айтқандай, расында да бүгінгі бұқара «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» ұйымы мен оның мүшелері хақында толық құлағдар емес. Сондықтан ұлт тарихының сәулелі сәттерін әлсін-әлі халық жадында жаңғыртып тұру қажеттігі көрініп тұр.