Тағзым • 20 Желтоқсан, 2025
Жақында ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өшпестей өнегелі із қалдырған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, біртуар абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының ғылыми мұраларына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ғалам ғажаптары • 20 Желтоқсан, 2025
Қатар астанасы Дохада жүргізушісі жоқ таксилер қызметке кірісті. Елдің ұлттық көлік операторы «Mowasalat» (Karwa) қала көшелеріне алғашқы роботтаксилер шыққанын ресми түрде хабарлады.
Ғалам ғажаптары • 20 Желтоқсан, 2025
2004 жылы болған жойқын цунами кезінде Таиланд жағажайында демалып жатқан жүз шақты туристің бірде-бірі зардап шеккен жоқ. Бұған 10 жастағы ағылшын оқушысы Тилли Смиттің дер кезінде жасаған әрекеті себеп болды.
Жәдігер • 20 Желтоқсан, 2025
Қостанайдағы геологиялық музейде жер астында жатқан 15 мыңнан астам минералдың үлгісі бар. Мөлдір шынымен қапталған музей сөрелерінің бірінде жарқырап жатқан тастың бірі – гранат. От шашып тұрған қас сұлудың қарашығындай қап-қара тас Сарыбай кенішіндегі қазба жұмыстары барысында табылған. Музейге кезінде В.Гай есімді геолог әкеп тапсырыпты.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2025
Түркістанның «Дара ұрпақ» театры
Түркістанда инклюзивті бағыттағы «Дара ұрпақ» театры ашылды. Театрдың ашылу салтанатында ерекше жандардың қатысуымен «Жарық» мюзиклінің премьерасы сахналанды.