Саясат • 19 Желтоқсан, 2025
Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның кезекті отырысы өтті. Онда сенаторлар 9 заңды қарап, мақұлдады. Сондай-ақ депутаттар Үкіметке ауылдық аумақтарды дамыту, ұлттық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдап, оған Премьер-министрдің орынбасары жауап берді.
Саясат • 19 Желтоқсан, 2025
Қазақстан – Жапония: Сенімді серіктестік пен достық байланыс нығая береді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға алғашқы ресми сапары аясында қос елдің қарым-қатынасын тереңдететін келелі кездесулер өткізді. Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен жүздесу барысында түрлі саладағы еларалық байланыстарды нығайту келешегі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар Президент Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен, Күншығыс елінде білім алып, қызмет етіп жүрген отандастарымызбен кездесті.
Саясат • 19 Желтоқсан, 2025
Медициналық көмек толықтай автоматтандырылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының медициналық қызметтердің сапасын арттыруға қатысты қойған міндеттері шеңберінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Көлеңкелі экономиканы қалай тоқтатамыз?
Көлеңкелі экономика салық түсімін азайтып, бюджет қаржысының тапшылығына, әлеуметтік бағдарламалардың қысқаруына әкеліп соғып, қай мемлекеттің болсын, экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретіні мәлім. Сондай-ақ ол нарықтық бәсекені төмендетіп, сыбайлас жемқорлыққа жол ашады, елдің экономикалық жағдайын дәл бағалауды қиындатып, дамуын тежейді.
Инфляция • 19 Желтоқсан, 2025
Инфляцияға қарсы күрестің ұтымды тәсілі
Қарашада елімізде жылдық инфляция 12,4% болды. Жылдық инфляция 11 өңірде баяулады, 5 өңірде жеделдеп, 4 өңірде бұрынғы деңгейде қалды.