Заң мен Тәртіп • 19 Желтоқсан, 2025
Құқықтық мемлекеттің басты қағидаты – заң үстемдігі. Тәртіпке бағынатын елде әділетті қоғам орнайды. Осы орайда жаңа уақыт талаптарына сай заңнаманың жетілдіріліп отыруы – үздіксіз құбылыс. Тарих қойнауына енгелі тұрған осы жылы да елімізде бірқатар жаңа заң қабылданды. Соның ішінде құқық саласын жүйелейтін заңнаманың даму барысына арнайы тоқталып, биыл қолданысқа енген ең маңызды заңдарға шолу жасауды жөн көрдік.
Саясат • 19 Желтоқсан, 2025
Кеше Астанадағы Конгресс орталығы алаңында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындыларын жариялап, алдағы жоспарларымен таныстырды. Журналистермен еркін форматта жүздескен вице-министрлер Иран Шархан, Олжас Сапарбеков, Қуандық Қажкенов және Жәннат Дүбірова өз салаларына қатысты баяндама жасап, бұқаралық ақпарат өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Сұхбат • 19 Желтоқсан, 2025
Анар Фазылжан: Мәтінді жасанды жадқа тілтанушылар бейімдеді
Қазақ тілін цифрландыруға бейімдеу А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен ғасырдың 70-жылдары қолға алынды. Осы кезеңде Қолданбалы лингвистика бөлімінде қазақ сөздіктерінің автоматтандырылған базасы жасалды. Араға жылдар салып жанданған ұлттық корпус қазіргі таңда 100 млн-нан астам қазақ сөзімен толықты. Жасанды интеллект дәуірінде үлкен тілдік модельдер осы ұлттық корпустағы сапалы әрі жүйелі дереккөзді пайдаланады. Ғалымдар еңбегінің нәтижесінде көрсеткіш келер жылы 200 млн-ға дейін ұлғаяды (qazcorpus.kz). Біз бүгін институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанмен қазақ тілінің бай қорын жасанды жадқа енгізу туралы әңгімелестік.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Тиімділік пен ашықтық үйлесімі
Мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік аудит саласында жүргізілген реформалар бюджет қаражатын тиімді пайдалануға нақты нәтиже берді.
Айбын • 19 Желтоқсан, 2025
Әлем елдері армияларының күш-қуатын салыстырып, жыл сайынғы рейтингін жариялап отыратын Global Firepower (GFP) атты тәуелсіз платформаның биылғы көрсеткіштеріне зер салсақ, еліміздің Қарулы күштері былтырғы деңгейден бір сатыға жоғарылап, 57-орынға тұрақтапты. Бұған ел басшылығы мен Қорғаныс министрлігінің армиямызды заманға сай модернизациялау бағытында жүргізіп жатқан жұмыстары себеп болғаны аян.