Өнер • 19 Желтоқсан, 2025
Алтай әндерінің әуезі қандай сұлу болса, сөздері соған сәйкеседі. Тыңдаушының жанын жадыратып, жадында жатталып қалатыны да содан. Сол өр Алтайдың арғы бетінде өз ұлтымыздың өкілдері, қарагөз қандастарымыз бар. Өнерді биіктетіп, оның ішінде дәстүрлі ән мен байырғы терме-дастандарды алтын сандыққа сақтағандай бағалы етіп келеді.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Шетелдегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақ жастары аз емес. Солардың қатарында атыраулық бойжеткен Нұрай Бисенова да бар.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының мемлекеттік тапсырыспен шыққан төрт томдық толық шығармалар жинағының ресми таныстырылымы өтті.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Қолдағы қазынаны ұқсата алмай жүрміз
Қазақ елі Менделеев кестесінде түзілген элементтердің 99-ына малынып-ақ тұр. Бірақ жерасты байлығын дұрыс ұқсата алмай жүргеніміз – елдігімізге сын. Жел турбиналарынан бастап, смартфон мен жойғыш ұшақтарға дейін қолданылатын минералдар қоры – шикізатқа тәуелділіктен құтылудың басты тетігі. Биыл сирек кездесетін металдардың тағы бір бөлігі мемлекетімізде табылды деуі мұң екен, әлемнің назары елімізге ауды.
Медицина • 18 Желтоқсан, 2025
Халық саулығы – басты байлығымыз
Денсаулық саласына, оның ішінде МӘМС жүйесіне қатысты сын-пікір жиі айтылғанымен, кейінгі бес жылда көңіл қуантарлық нәтижелер де жетеді. Медициналық сақтандырудың ізімен ауқымды реформалар бірінен соң бірі қабылданды. Салаға бөлінген қаражатты барынша тиімді, мақсатты пайдалану арқылы медициналық көмектің сапасын жақсартуға басымдық берілді. Іске асқан жобалардың барлығын бір мақалада қамти алмайтындықтан, біз тек негізгілеріне тоқталғанды жөн көрдік.