Театр • 06 Қараша, 2023
Қазақ театрының рухы мен күш-қуаты шетел асып, өзге елдің көрерменін тәнті етуі сирек оқиға. Сонау 1936 жылы алғаш рет қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Жұмат Шанин бастаған өнер серкелері Мәскеуді дүр сілкіндіріп, әлемдік деңгейде мәдениетімізді паш етті. Бұл мәдени байланыс тәуелсіздіктен бері қайта жаңғырып, қазақ театрының көркемдігін орманды орыс елінің көрермендері мойындай бастағаны байқалады.
Әскер • 06 Қараша, 2023
Жанкештілікпен келген «күрең берет»
Арнайы жасақ сарбаздарына «күрең береттің» иесі атану үшін үлкен күрес қажет. Бұл дәрежеге сапта жүрген жігіттердің бәрі қол жеткізе бермейді. Айтуар Асқар да әуелгіде әлгі ауыр сынақтан сүрінеді. Екінші мәрте бағын сынап, қажыр-қайраты, қайсарлығының арқасында осы дәрежеге қол жеткізген.
Мәселе • 06 Қараша, 2023
Қара жолдағы қасірет азаймай тұр
Қара жолдан келетін қасірет азаяр емес. Бірнеше ай бұрын полиция департаменті ЖПҚБ жол жүрісін қадағалауды ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Болат Ізбасаров биылғы жеті айда өңірде тіркелген жол-көлік оқиғасының саны 35,9 пайызға кемігенімен, ажал құшқан жасөспірімдер саны 46,2 пайызға артқанын айтып, дабыл қаққан еді.
Президент • 06 Қараша, 2023
Бабалар өсиетін орындау – басты парыз
Бас қаламызда түбі бір түркі жұрты ғана емес, төрткүл дүние назар аударған басқосу болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық X саммитінде ел президенттері түркі интеграциясының тамырын тереңдетіп, бауырлас халықтардың бірлігін бекемдеуге қатысты бірқатар ұсынысын ортаға салды. «Түркі дәуірі!» ұранымен ұйымдастырылған ауқымды іс-шараның маңыздылығы да осында – бауырлас халықтардың болашаққа деген сенімін нығайтып, қарым-қатынасын жан-жақты жандандыруға жол ашу.
Сараптама • 06 Қараша, 2023
БЖЗҚ: Қаржыға әркімнің-ақ бар таласы...
Күні бүгінге дейін «БЖЗҚ қаржысы экономиканы нашарлатып, банктерді әлсіретеді» деген пікір басым болып келді. Дегенмен соңғы жағдайларға назар салсақ, кейінгі онжылдықтардағы ол үстемдігінен үміт үзе бастағандай. Бұл мәселе 2019 жылдан бері қайта-қайта Үкіметтің талқысына түсіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа зейнетақы жинағындағы қаржыны пайдалануға рұқсат беру керектігін жиі айтады.