Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Әр елдің сәулеті мен дәулеті құрылысынан да байқалады. Зәулім ғимараттар мен заманауи стильдегі нысандар – мемлекеттің бет-бейнесін айшықтайтын стратегиялық күш. Қадасы қағылған әрбір нысан – тәуелсіздіктің айқын жетістігі болса, бой көтерген әр ғимарат – ұлттың өркендеуге деген ұмтылысы іспетті. Тәуелсіздік жылдарынан бері бұл сала тоқтаусыз дамып келеді. Отыз жылдан астам уақытта құрылыс қарқынды дамып, экономиканың күре тамырына айналды. Бүгінде ІЖӨ-дегі осы саланың үлесі 6%-ға жетті.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 20-сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2025
Азаттық төрткүл дүниедегі халық біткеннің асқақ арманы. Біздің буынға ұлтымыздың азаттық алған сәтіне куә болуды, қал-қадерінше егемендікке қызмет етуді жазыпты.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Түркі тілдері күні атап өтілді
Халықаралық Түркі академиясының 15 жылдығына орай 15 желтоқсан – Дүниежүзілік Түркі тілдері күні салтанатты форматта аталынып өтті. Бұл атаулы дата ЮНЕСКО шеңберінде бекітілгенін айта кетейік. Іс-шара барысында академияның кітаптары мен архив фотосуреттері қойылған көрме көпшілік назарына ұсынылып, түркі әлемінің ғылыми-рухани ынтымақтастығының нәтижесі таныстырылды.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік табалдырығы: «Егемен» не жазды?
Қазақ елінің мемлекеттік тәуелсіздігін алар тұстағы кезеңге зер салсақ, 1991 жылғы желтоқсан айының 12-сі мен 16-сы күндері аралығын шын мәніндегі «өліара шақ» деп сипаттауға болатындай. Бұл – одақтың іргесі түбегейлі сөгіліп, бізден басқа республикалардың бәрі еншісін алып, бөлек кеткен шақ. Бір жағынан, іс жүзінде ешкімге тәуелді емес едік. Екінші жағынан, заң жүзінде әлі тәуелсіздігімізді де жарияламадық. Бұл кезеңді «Тәуелсіздік табалдырығы» деп те атауға болады.