Аймақтар • 02 Қараша, 2023
Қазақ киносының атасы Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай баянауылдықтар төл перзентінің есімін ұлықтау шараларын бастап кетті. Жуықта әйгілі жерлесіміздің атындағы мектеп-интернатта бюст ашылды.
Ауыл • 02 Қараша, 2023
Ауыл мектептерінің әлеуетін көтеру үшін Жетісуда түрлі жоба жүзеге асып жатыр. Мәселен, Кербұлақ ауданына қарасты Қоғалы орта мектебі заманауи оқу құралдарымен жабдықталды. Бұл игілікті іске «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы ұйытқы болған. Енді ауыл оқушылары ғылымның табалдырығын еркін аттайды.
Сұхбат • 02 Қараша, 2023
Нұрғали Ораз: Бізде таланттардың еңбегін бағалау кемшін
Нұрғали Ораз шығармаларының бір қыры, ұлтымыздың назқоңыр жанын, адамдық әсем табиғатын қалтқысыз суреттеуінде. Іңкәрлік, сезімшілдік, тазалық самалы есетін туындылар жан түбінен киелі шақтағы алтын сәулені оятады. Қақ-соқпен ісі жоқ, жалғыздық құзарында жүрек нұрын жайған жазушымен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Аймақтар • 02 Қараша, 2023
Кезекті рейд. Бағытымыз – Батыс Алтай. Облыстық орман және аң шаруашылығы инспекциясына «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясынан орманды алқаптарда заңсыз ағаш кесілгені туралы болжамды ақпарат келіп түсіпті. Анық-қанығына көз жеткізу үшін инспекторлар белгіленген 50 нүктені әуеден шолып қайту үшін жолға қамданған.
Қазақстан • 02 Қараша, 2023
Ақтау порты көршілер сенімін ақтай ма?
Соңғы уақытта Ақтау теңіз портына алыс-жақын шетелдің назары ауып отыр. Сондағы баршаға ортақ мақсат – Транскаспий транзиттік магистралін жүк тасымалдауда халықаралық орталық дәліз ретінде пайдалану. Мұны жүзеге асырудың жөнін Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында атап айтты.