Кәсіпқой бокс • 23 Қазан, 2023
Өткен аптада ел спортында болған ең елеулі оқиғалардың бірі – боксшы Жәнібек Әлімханұлының екі тұжырым бойынша әлем чемпионы атануы. Кәсіби бокстың сүрлеуіне түскеніне көп бола қоймаса да, аз ғана уақыттың ішінде екі бірдей ең маңызды белдікті қанжығасына байлаған Жәнібек үшін бұл – үлкен жетістік, зор мәртебе. Даңқты Геннадий Головкиннің өзі WBA (2010 жылы) белбеуінен кейінгі екінші белдігін (IBF) араға бес жыл салып, 2015 жылы ғана еншіледі. Ал Жәнібек небәрі екі жылға жетер-жетпес мерзім ішінде екі нұсқа бойынша әлем чемпионы атанып отыр.
Мәселе • 23 Қазан, 2023
«Қазсушар»: Тариф бар түйткілді шеше ме?
Халықаралық қаржы ұйымдары алдындағы қарызы 100 млрд теңгеден асқан «Қазсушар» тығырықтан шығып, қайта тыныстағанша талай күш-қуат кететін сияқты. Өйткені бұл жерде мәселе салынған су инфрақұрылымын қалпына келтіру жобаларының өз-өзін ақтауына және қарыз қаражатының реттелетін қызметтерге арналған тарифтер арқылы қайтарылуына келіп тіреліп отыр.
Теннис • 23 Қазан, 2023
Санаулы күндерден кейін Мексиканың Канкун қаласында жер-жаһанның ең таңдаулы 8 теннисшісі бас қосатын WTA-ның қорытынды турнирі басталады. Биылғы бәсекеге Қазақстан теннис тарихында алғаш рет отандасымыз қатысқалы отыр. Мұндай додаға қатысу құрметіне 2022 жылғы Уимблдон додасының жеңімпазы, қазіргі таңда әлемдік рейтингте бесінші сатыда тұрған Елена Рыбакина ие болды. Ал біз WTA-ның қорытынды турнирі туралы не білеміз?
Саясат • 23 Қазан, 2023
Кітапханашы – мерейлі мамандық
Кітап оқитын ұлттың руханияты да, мәдениеті мен әдебиеті де берік болары сөзсіз. Адамзатты игілікке бастайтын, ақыл-ойдың тамыршысы кітапқа деген қоғамның құрметі де әрқашан биік болмақ. Осы ретте рухани ордаға баланған кітапханалар мен олардың шырақшысына айналған кітапханашылардың рөлі басым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайына, заманауи сапасына, ақылды ұлт қалыптастыру жолындағы жоспарына ерекше маңыз қойып, тоқталып отыр. Биыл екінші рет тойланып жатқан Кітапханашылар күні – осы салаға деген сындарлы істің нәтижесі.
Форум • 23 Қазан, 2023
Конфессияаралық келісімді сақтау үлгісі
Кейінгі жылдары Қазақстан халықаралық аренада көрнекті бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде көрінді. Егемендік алғаннан бері бейбіт, сындарлы сыртқы саясат жүргізіп, түрлі жаһандық мәселені шешуде келіссөздер алаңын ұсынып келеді.