Қоғам • 11 Қазан, 2023
Қазір жастардың 36,5 пайызы үй жалдап тұрады. Ал 22,5 пайызы туысының баспанасын жағалап жүр. Бұл мәліметтер «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы жүргізген сауалдама нәтижесінде белгілі болды. Сауалдамаға еліміздің түкпір-түкпіріндегі 14 пен 35 жас аралығындағы 2 мың азамат қатысқан.
Тұлға • 11 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл бірінші кезекте жергілікті билікке қарата айтылып отыр» деген болатын. Сондықтан өңірлердегі реформалардың нәтижелі болуы жергілікті басқарушы элитаға, оның сапасына байланысты. Осы ретте еліне қалтқысыз қызмет еткен мемлекетшіл тұлғалардың дара жолы – қазіргі және болашақ саяси мемлекеттік қызметшілер бой түзейтін тағылым болары айқын. Сондай тұлғалы азаматтардың бірі ретінде Ақтөбе өңірінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салаларында басшылық қызметтерде іскерлігімен, парасаттылығымен ерекше із қалдырған, жұртшылықтың ықыласына бөленген Рамазан Нұржановты айтар едім.
Зерде • 11 Қазан, 2023
«Ханның бәрі Абылай емес, батырдың бәрі Ағыбай емес» деген екен бұрынғылар. Осы бір ауыз сөзден Ақжолтай атанған Ағыбай батырдың биік мәртебесін тануға болады. Талай-талай шайқастарда қасарысқан қас дұшпанды қаусата жеңген Ағыбай батырдың ісі аңызға, аты ұранға айналған еді. Елдің еркіндігі үшін қалың қазақты ұрысқа бастаған Ағыбай Қоңырбайұлы 1802-1885 жылдар аралығында өмір сүрген.
Өнер • 11 Қазан, 2023
Оны қазір әлеуметтік желіден жиі көреміз. Ал шығармалары көбінесе шетелдік көрмелерде көбірек қойылып жүр. Мәселен, жуырда Аргентинаның бірнеше қаласында, Иракта, Түркияда, Италияда өткен көрмелерде туындылары көрсетілді. Өзі суретші болса да Суретшілер одағына мүше емес (оның да сыры бар), есесіне, шетелдік Суретшілер одақтарына мүше. Тақырыбы – әлеуметтік мәселе, аудиториясы ауқымды. Әр картинасында қоғамның бір шындығы жатады. Азаматтық ұстанымына сай ақылы сурет салмайды, шығармасын да сатпайды. Ол – суретші-аниматор Аңсаған Мұстафа.
Тарих • 11 Қазан, 2023
Өткен ғасырдың басында капиталистік қатынасы жаңа қалыптасқан Ресейдің құрамдас бөлігі болған қазақ жеріне де сауда-саттықтың тереңдеп кіре бастағаны көзіқарақты оқырманға белгілі. Ұзақ жылдар бойы дағдарыстан шыға алмай келе жатқан қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығына да жаңа экономикалық жағдай әсер ете бастады. Тауарлы-ақша қатынасы қазақ шаруаларын жаңа жағдайға икемделуге итермеледі. Олар енді мал шаруашылығы өнімдерін Ресей нарығындағы бәсекеге төтеп бере алатындай сапалы дайындауды жолға қойды.