Тұлға • 20 Қыркүйек, 2023
Жоны қар таудың баурайына орналасқан Қапал шәрісі жаратқанның жанарынан төгілген ақшуақ сәулеге малынады да тұрады. Табиғаты, әдеткі райы күліп қана жүретін биязы мінезді жанды елестетеді. Жазы – салқын, күзі – жайлы, қысы – қысқа, көктемі – ұзақ ғажайып өлке. Адамдары да қарапайым. Солардың арасынан ұзын күздік пальто киген, басында шляпасы бар, шашы иығын жапқан сымдай тартылған бір жігіт көзге оқшау көрінетін. Оның кім екеніне де сырттай қанықпын...
Кино • 20 Қыркүйек, 2023
Бүгінгі киноның Азаматы: Ресейге танымал, атажұртқа бейтаныс па?
Сахнада актерлердің үлкен қарбалас сәтіне дәл түсіппін. Театрда кезекті халықаралық фестивальға қызу дайындық. Ортада театрдың шығармашылық ұжымымен бірге сахнадан көзін алмай, әрбір актердің қимыл-қозғалысын, сөйлеу мәнерін қалтқысыз бақылап, қараторы ажарлы азамат отыр.
Отбасы • 20 Қыркүйек, 2023
2008 жылғы мамыр айының аяқ кезі. Облыстық «Сыр бойы» газетінің сол кездегі бас редакторы Серік Пірназар мен аудандық «Өскен өңір» басылымының қызметкері Нұрмахан Елтай үшеуміз ұзын көшені бойлай жүріп келеміз. Ойымыз – атақты диқанбаба Ыбырай Жақаевтың туған ұлы Сейітбек ақсақалға жолығып, сәлем беру. Әңгімелесу. Еңселі ақ үйге жақындағанымызда: «Қария осында тұрады», – деді қақпа шетіндегі шағын есікті аша берген Нұрмахан. Аулада бізді орта бойлы, ашаң жүзді қарт қарсы алды. Атақты адамның қара шаңырағын ұстап, даңғайыр диқанның үрім-бұтағына ес болып отырған Сейітбек ағамыз, міне, осы кісі екен.
Тұлға • 20 Қыркүйек, 2023
«Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім...»
«Бір адамның бір ғұмыры маған аз ғой деуші едім...» Саттар Ерубаев. Небәрі 23 жасында дүниеден озған сара таланттың мұрасы уақытқа жүк. Сірә, ол бәрін біліп туған. Сондықтан да табиғаттың ерекше бітімі, бөлек перзенті.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Ел ішіндегі демалыстың маңызы артты
Туризм саласы – елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына ерекше әсер ететін фактордың бірі.