Экономика • 05 Қыркүйек, 2023
Әуе билеттерінің құны неге аспандап тұр?
Қазір дүниенің бәрі қымбат десек те, жол ақысының шарықтағаны халыққа оңай болмай тұр. Соның ішінде біздің елдің әуе компаниялары қызмет ақысын тым асыра сілтеп жіберетіні рас. Оны қарапайым жұрт былай тұрсын, Сенат пен Мәжіліс депутаттары да байқап үлгеріп, жеріне жеткенше айтып әлек. Бірақ өзекті мәселе әлі шешімін таппай тұр. Ғаламторды шарлап, әлеуметтік желілерді ақтарып шыққанда келген байламымыз – осы.
Пікір • 05 Қыркүйек, 2023
Қазақстан әлемге не бере алады? Меніңше, шамамен өзіміз қатарлас елдерге қолда бар IT-өнімдер ұсынуға мүмкіндік бар. Қазір көлік жолдарын бақылау, қаржы және мемлекеттік қызметті цифрлау бағыттарындағы тәжірибеміз дайын өнім ретінде қалыптасты. Олардың кейбірі жапсарлас елдерге енгізіліп те жатыр.
ЖОЛДАУ • 05 Қыркүйек, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ең көп маңыз берілген су мәселесі болды. Мемлекет басшысы еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатқанын, су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұрғанын және аталған олқылықтың орнын толтыру үшін шұғыл шаралар қажет екенін айтты. Осыған орай, су мәселесін безбендеп көрген едік.
Инфографика • 05 Қыркүйек, 2023
Мемлекеттік саясаттың интеллектуалдық деңгейі
Кейінгі уақыттағы геосаяси, климаттық, қаржы-экономикалық катаклизмдер ішкі күн тәртібін біршама шетке ысырып тастағаны белгілі. Соның салдарынан қоғамда ертеңгі күнге деген алаңдаушылық күшейіп, азаматтардың әлеуметтік оптимизмі бәсеңдей бастады. Түрлі қаңқу сөзге, инсинуацияға толы ақпараттар тасқыны да халықты шаршатты десе болады.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2023
Ежелгі Бабылдан дүбірлі дүниеге тарыдай шашылған адамзат баласының алғашқы ыдырауына тілдерінің өзгеруі себеп болған деседі. Дегенмен, діни құндылықтарда тілдердің әркелкілігі – бөлінуге емес, бірлесуге һәм түсінісуге ұмтылыс екені айтылады. Иә, тіл – туыстыққа, ізгілік қорғанына бастар абзал құрал. Тілде ұлттың рухы мен жаны, өткені мен болашағы бар.