Мектеп • 25 Тамыз, 2023
Түркістан облысындағы кей мектептерде жаңа оқу жылына дайындық енді қыза бастағандай, құрылыста да жанталасқан әрекет. Кейінгі жылдары сыбайлас жемқорлықпен, түрлі қылмыстық оқиғалармен «танымал» болған өңірдің білім саласында, мектептердің құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізілуі бекітілген кестеден кешігуі үлкен даулардың тууына түрткі болғалы тұр. Өйткені жаңа оқу жылына дайындық көңіл көншітпейді. Дегенмен облыс әкімдігі ай соңына дейін түзелер азын-аулақ шаруа болмаса, мектептер оқу жылына дайын деп отыр.
Тұлға • 24 Тамыз, 2023
Есімі елге кеңінен таралмаса да, еңбегі ерен тұлғалар көп. Әсіресе ғылымға үлес қосқандарды сол ғылымның айналасында жүргендерден өзге ешкім біле бермейтіні бар. Сондай тұлғалардың бірі – жер құпиясын зерттеген Жамал Қаңлыбаева. Ол – қазақ әйелдері арасынан шыққан тау-кен саласындағы тұңғыш ғылым докторы, Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ғалымның туғанына биыл 100 жыл толды.
Жәдігер • 24 Тамыз, 2023
Қаңсардан табылған жұмбақ қабір
Кез келген ұлттың және мемлекеттің тарихын жазу ең алдымен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуден басталады. Өйткені жер қойнауынан табылған көне жәдігерлер – тарих ғылымы үшін басты негізге алынатын бұлтартпас дәлел.
Сұхбат • 24 Тамыз, 2023
Ұлттық спорт • 24 Тамыз, 2023
Желдей жүйткіген жүйріктің жүгенімен алысу үшін әрине, үлкен жүрек керек. Әсіресе аламандағы дүбірде тұлпар топ жару үшін шабандоздың тақымы тастай, жігері қылыш, білегі құрыш болуы әсте, маңызды. Былайша айтқанда, қазанаттың бабын атбегі тапса, бағын шабандоз бала жағады. Елдің аузында жүрген Арқадағы Мейір Нұрболатов деген шабандоз тақымдаған тұлпарға Жаратқанның нұры түсер ме дерсіз? Түкіріп қоялық, аламан бәйгенің үнемі алдында келеді. Өзі шынашақтай болып-ап, асауға ауыздық салғанын көргенде «мына жігіт жүрегін жұтып алған ба?» деген ойда қаласыз…