Өндіріс • 17 Тамыз, 2023
Майлы дақылдар өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы жаңа маусымда күнбағыс өнімділігі 30-40%-ға төмендейтінін болжайды. Оған қоса бұл үдеріс шикізатты елеулі көлемде экспорттау аясында байқалып отыр. Әдетте мұндай динамика елде шикізаттың тапшылығына, тиісінше өнімнің қымбаттауына әкеледі.
Қоғам • 17 Тамыз, 2023
Мемлекеттік тіл: Міндет пен құрмет
«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде». Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ана тіліміз хақындағы пікірі. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтқан елдің басшысы мұндай күрделі әрі нәзік мәселеде халықты дүрліктіретін, қоғамды жікке бөлетін популистердің жетегінде кетпеуді ескертті.
Қоғам • 17 Тамыз, 2023
Бірде авантюристеу ойшыл Жан Ко «Статистика – барлық жалған ғылымдардың ең дәлелдірегі» деп, әрі-сәрі күйге түсіретін ой айтқан екен. Сондықтан кез келген статистикаға күмәнмен қарау санасы ояу қоғамның әрекеті болса керек-ті. Өйткені қазіргі статистикалық дерекке сенсек, «жағдайымыз жақсы біздің, жақсы біздің күйіміз де» болып тұр. Осы жайды безбендеп көрсек.
Білім • 17 Тамыз, 2023
Мұнайлы өңірде орта білім беретін мектептер саны артып келеді. Алайда бұл салада мәселе көп. Оның қатарында спортзалмен, асханамен жабдықтау, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кадр тапшылығы секілді түйткілді мәселелер бар.
Тұлға • 17 Тамыз, 2023
Кешегі ҚазМУ, бүгінгі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Тұрсекең – Тұрсынбек Кәкішев өмір бойы «Біздің ҚазМУ» деумен өтті. ҚазМУ-ына ешқандай оқу орнын теңгермейтінін ашық айтты да, жазды да.