Қоғам • 16 Тамыз, 2023
Хостел жатақхананы алмастыра ала ма?
Кейінгі жылдары жатақхана жетіспеушілігі Астана, Алматы сияқты ірі агломерация орталықтарында білім алатын студенттер үшін басты мәселеге айналды. Биыл да біршама студенттің жайлы орынға жайғасуы қиынға соғатын түрі бар.
Тарих • 16 Тамыз, 2023
Қожаберген жырау және тарих тағылымы
Ел Үкіметінің қаулысына орай Мәдениет және спорт министрінің «2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қожаберген жырау Толыбайұлының «Елім-ай» дастан жырының 300 жылдығына, туғанына 360 жыл толып отырған жауынгер-жырау Қожаберген Толыбайұлының өмірі мен қызметіне арналған кең ауқымды іс-шаралар – республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, «Елім-ай» тақырыбында жыр кештерін, ақындар айтысын, ұлттық спорт ойындарын өткізу, кітап көрмесін ұйымдастыру сияқты іс-шаралар қолға алынып отыр.
Төтенше жағдай • 16 Тамыз, 2023
Өртті ауыздықтаудың әлемдік тәжірибесі
Маусым басында Семейде болған орман өрті бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз тағы да алапат апатпен бетпе-бет келді. Еліміздің тосын табиғат құбылыстарына, төтенше жағдайларға қарсы қорғаныс әлеуеті тағы да сынға түсті. Барынша қырағылық пен жинақылықты талап ететін саланың қызметіндегі кемшіліктер, келеңсіздіктер қалың бұқара тарапынан батыл айыпталды.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2023
Жуырда Түркістанда өткен халықаралық конференцияда мамандар Арал теңізінің тартылуы, түбінің тұздануы оған жақын орналасқан көрші мемлекеттер мен еліміздің бірнеше өңіріне, оның ішінде Түркістан облысындағы бірқатар аудан, елді мекендерге де табиғи кері әсерін тигізіп жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Арал ұлтанына өсімдіктер егу және сексеуіл алқабын отырғызу – тұздың ұшпауына тосқауыл болатын жалғыз жол екені де айтылды. Бұл орайда Президент тапсырмасына сәйкес Арал аймағы экологиясын оңалту бағытында 2025 жылға дейін аңқасы кепкен теңіздің 1,1 млн гектар аумағына сексеуіл тұқымы егілуге тиіс.
Бокс • 16 Тамыз, 2023
Эй Джеймен жұдырықтасуы мүмкін
26 тамызда АҚШ-тың Оклахома штатындағы Талса қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Сол жарыста аса ауыр салмақтағы Қазақстанның танымал боксшысы Жан Кособуцкий нигериялық Эфе Аджагабамен күш сынасады.