Digital • 12 Желтоқсан, 2025
Ойын арқылы сөйлеуге жетелейтін қосымша
Бала тілінің кеш шығуы ата-ананы ғана емес, педагог пен логопедті де алаңдатады. «Уақыт өте келе өзі сөйлеп кетеді» деген жұбату сөз жиі айтылады. Бірақ кей жағдайда сөйлеудің кешеуілдеуі баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, эмоциялық күйіне, тіпті оқу дағдыларының қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін. Мұндай сәтте ата-анаға қолжетімді, күнделікті қолдануға ыңғайлы қосымшаның маңызы зор. Осы сұранысқа жауап беруге бағытталған отандық стартаптың бірі – Айнұр Нұрәділ негізін қалаған «AR Sana» жобасы. Бұл – 1,5 мен 6 жас арасындағы балалардың сөйлеу дағдыларын жылдам әрі табиғи түрде дамытуға көмектесетін, логопедтермен бірге жасалған қолданба.
Талбесік • 12 Желтоқсан, 2025
Жолбарыс – сүрлеуінде, құлан – құладүзінде...
Елімізде реинтродукция бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Антропогендік я болмаса табиғи факторлардың әсерінен жойылып кеткен жан-жануар, аң-құс түрлерінің тарихи мекендеу аймақтарындағы популяцияларын қалпына келтіру бағытында ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Бұл іс-шаралардың негізінде экожүйелік байланыс нығайып, табиғи кешендердің тұрақтылығы артады.
Экономика • 12 Желтоқсан, 2025
Мегаполистің өндірістік қуаты қарқынды
Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібін дамыту экономиканың негізгі бағыттарының біріне айналған. Соның нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде алынған өнім көлемі былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 16,5%-ға өскен. Кейінгі үш жылда өнеркәсіп саласында құны 150 млрд теңгені құрайтын 40 жоба іске қосылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
30 мыңнан аса жұмыс орны құрылады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі – экономиканы әртараптандыру және қайта өңдеуді дамыту. Негізгі мақсат – тек шикізат экспортына бағдарланудан аулақ болып, қосымша құнды, тұрақты жұмыс орындарын, тұрақты экспорттық әлеуетті қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді құру.
Сұхбат • 12 Желтоқсан, 2025
Марат Әзілханов: Ассамблея бірегей қоғамдық институтқа айналды
– Марат Алмасұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы ел өміріндегі маңызды кезең болды. Осы мерейтойдың басты мәні неде деп ойлайсыз?