Экономика • 12 Желтоқсан, 2025
Экономика: әлеует пен мүмкіндік
Президент экономиканы әртараптандыруға, инвестиция тартуға, әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған бірнеше ірі бастама жариялап, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Бірақ құрылымдар арасындағы үйлестірудің әлсіздігі, ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан бюрократиялық тосқауыл, өңірлердегі атқарушы билік жұмыс қарқынының әркелкілігі реформаның тез әрі толық орындалуына айтарлықтай тежеу.
Құқық • 12 Желтоқсан, 2025
«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейтін халықпыз. Рас, қылмыстың қай түрі де жазаға лайық. Алайда жазасын өтеген адамның қоғамға қайта оралуы, сіңісіп кетуі – әлдеқайда күрделі мәселе. Осы орайда сотталғандарды еңбекке тарту мен олардың өмірге бейімделуіне жағдай жасау – бүгінгінің өзекті тақырыбы.
Экономика • 12 Желтоқсан, 2025
Газ өңдеу саласы қайтсе дамиды?
Каспий теңізінің жергілікті секторындағы «Қашаған» кенішінде мұнайдың 9–13 млрд баррель (1-2 млрд тонна) қоры бар. Мамандар теңіз тереңінен «қара алтынмен» бірге ілесе шығатын газдың мол қорын 1 трлн текше метрге жетуі мүмкін екенін алға тартады. Алайда «көгілдір отынды» өңдеу мәселесі әлі қолға алынған жоқ. Ал оны кешеуілдетпеудің маңызы айрықша болып отыр.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2025
Көлік апаты сирек тіркелетін ел
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, күн сайын әлемде шамамен 3 мың адам жол-көлік оқиғаларынан көз жұмады. Басты себеп – сапасыз жол инфрақұрылымы, көлік тізгіндегендердің жауапсыздығы.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2025
Жас қаламгерлер һәм сенім серпілісі
Соңғы жылдарда Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар одағы арасындағы стратегиялық әріптестіктің тамыры тереңдеп, ұлттың рухани дамуына серпін беретін жобалар жүзеге асырыла бастады. Сол бастамалардың ішіндегі «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы әдебиеттегі жаңа есімдердің танылуына зор мүмкіндік туғызып отыр.