Кино • 13 Наурыз, 2023
Лос-Анджелестегі Dolby театрында Америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтті. Әрине, онда әйгілі «Оскардың»
Қазақстан • 13 Наурыз, 2023
Ядролық қарудан бас тарту қалай жүзеге асты?
Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан ядролық қаруды қолдануға қарсылық танытып, бейбітшілік жолын таңдайтынын жариялады. Бірден атом бомбасын таратпау туралы шартқа қосылды. Елдің ядролық қарудан бас тарту хронологиясын зерделесек, Қазақ елі осылайша әлемдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға негіз болар бірегей шешім қабылдағанын көреміз. Бұл еліміздің сыртқы саясаттағы маңызды бағыттарының бірі болып қала бермек.
Сайлау • 13 Наурыз, 2023
Партиялар пікірталасы: Сөзден – іске
КТК телеарнасының тікелей эфирінде Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын саяси партиялар өкілдері пікірталасқа түсті. Теледебатқа «Amanat» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанова, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» жасылдар партиясынан Айнұр Сәбитова, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Дәния Еспаева, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Асхат Рахымжанов қатысып, елді дамыту жолындағы орамды ой-ұсыныстарын ортаға салды.
Отбасы • 13 Наурыз, 2023
Жалғызілікті әкелер санда жоқ, санатқа да кірмей тұр
Қоғамда жалғызілікті әкелер осы санаттағы әйелдерге қарағанда анағұрлым аз көрінгенімен, бейресми деректерге сүйенсек, қазір елімізде 70 мыңға жуық әке бала-шағасын бір өзі бағып жүрген көрінеді. Олар қандай санатқа жатады, мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік көмек алады?
Қоғам • 13 Наурыз, 2023
Жолақы төлеуден жалтарғандар көп
Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «ONAY» жүйесі, төлем терминалдарының жұмысы мен жолақыны төлемейтін жолаушылар туралы кеңінен айтылды. Өйткені қоғамдық көліктерде жиі қайталанатын келеңсіз құбылыс бар. Автобусқа отырғандардың барлығы бір кісідей жолақыны төлей салмайды. Кейбірі тексерушілер кіргенде ғана телефонын шұқылай бастайды. Әсіресе, бұл жағдай мектеп оқушылары мен студенттер арасында жиі байқалады. Тексеріс болмаса, төлемей жүре береді.