Қоғам • 14 Наурыз, 2023
Ұлыстың ұлы күні: Таным мен тұжырым
Наурыз – жаңа күннің бастауы. Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағы. Сонымен бірге түркілік таным бойынша 12 жылдық мүшелдік цикл басталатын күн Наурыз мейрамына сәйкес келеді. Әлі күнге бұл дәстүрлі мереке елдің бір бөлігінде наурыздық Амалдың келуімен бірге мүшелдік жыл басы түрінде тойланып келеді.
Оқиға • 13 Наурыз, 2023
«Қызым, неге тұрмысқа шықпай жүрсің?»
Осы тақырыпты жазуыма не түрткі болды десеңізші? Оған отбасында анаға жасалатын зорлық-зомбылық, ажырасу, қыз баланың жан әлемі себеп болды. Балалар үшін ата-анасының ажырасуы – депрессия! Бұл баланы жан дүниесінің тас-талқанын шығарып, күйзеліске ұшыратады. Әсіресе қыз баланың алған жан-жарақаты өмір бойы тағдырымен жағаласып жүреді екен.
Сайлау • 13 Наурыз, 2023
Бұл жолғы сайлау, расында да, бұрынғыдан өзгерек. Оның ерекшелігі – шын мәнісінде жалпыхалықтық сипат алғаны. Мәжіліс пен жергілікті мәслихат сайлауларына биыл аса көп кандидат тіркелді.
Руханият • 13 Наурыз, 2023
Қожаберген жырау «Елім-ай» дастанына – 300 жыл
Үкімет қаулысының негізінде Мәдениет және спорт министрінің «2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қожаберген жырау Толыбайұлының «Елім-ай» дастан жырының 300 жылдығы аталып өтеді.
Төтенше жағдай • 13 Наурыз, 2023
Қырықтан астам ауыл бақылауға алынды
Керекуде биыл көктемнің лебі ерте білінді. Наурыз айының алғашқы онкүндігінде күн жылынып, жаңбыр жауып, қыстай жауған қар көптеген өңірде еріп кетті. Ауа райын болжаушылар осы аптадан бастап күн қайта суытатынын ескертті. Бұл жағдай аймақтағы қарғын судың алдын алатыны анық.