Кино • 09 Наурыз, 2023
Ұлт киносының тұғыры биік тұлғасы Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлы Қожықовтың туғанына 100 жыл толып отыр. Қазақ жерінде қолына кинокамера ұстаған алғашқы адамдар 1925 жылы Түрксіб темір жолының салыну барысын түсіруге келген екен. Ол кезде Сұлтан ағамыз екі жаста ғана болатын.
Театр • 09 Наурыз, 2023
Елдегі театрлардың жағдайы қалай?
Ұлттық театрдың туған күні төңірегінде талас күні бүгінге дейін толастамай келе жатса да, театрдың туған күні Жүсіпбек Аймауытовтың режиссерлігімен Семейде сахналанған «Біржан – Сара» айтысынан бастау алатыны туралы аға буын өнер зерттеушілері Бағыбек Құндақбайұлы мен Әшірбек Сығай айтып та, жазып та өтті. Ақпан айына дәлме-дәл келетін осы атаулы күнмен театр өнеріне байланысты игі шаралардың молынан атқарылып жататыны да сондықтан болса керек. Бір басынан бірде өркендеу кезеңін, бірде құлдырау шағын өткеріп келе жатқан ұлттық драма театрларының шығармашылық жағдайын сүзгіден өткізіп, жетістігі мен кемшілігін қатар саралап отырған Қазақстан Театр сыншылары бірлестігі төрт жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Айтулы күннің аясында театр сыншылары бас қосып, былтырғы театр фестивальдерінің ерекшеліктері, сахналық қойылымдардың көркемдік сапасы туралы сөз қозғап, бүгінгі қазақ театр режиссурасындағы ізденістер мен іркілістер туралы келелі әңгіме өрістеткен еді.
Әдебиет • 09 Наурыз, 2023
Жалған Пафос немесе қазақ өлеңіне суицидтік сарын қайдан келді?
Абай туралы ең көп айтылатын сөз қайсы? «Абайдың қозғайтыны – іштің қайғысы». Байқайсыз ба, бұл өте ыңғайлы позициядан айтылған сөз. Ешкім жоққа шығармайды, дауласпайды. Сөзсіз мойындалған пікір кейде әдебиетте қауіпті болады. Әрі қарай ойлай алмайсың, ойыңды дамыта алмайсың. Ал бұған біздің аздаған уәжіміз бар.
Қоғам • 09 Наурыз, 2023
Құлан деп жүргеніміз домбай емес
«Egemen Qazaqstannyń» биылғы 23 қаңтардағы санында жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының «Домбайды қашанғы «құлан» дейміз?» атты мақаласына назар аудара қалдық. Құлан тақырыбы Маңғыстау – Үстірттің белгілі өнерпазы, әнші, етікші Қорабайұлы Қайыптың өмірін зерттеп жүрген біз үшін, әрине, қызықты.
Футбол • 09 Наурыз, 2023
Кеңейтілген құрамда кімдер бар?
Санаулы күндерден соң футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Германия жасыл алаңдарында жалауы желбірейтін Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарын бастайды. Наурыз айында екі матч жоспарланған. Жерлестеріміз 23 наурыз күні елордада Словения құрамасын қабылдаса, 26 наурызда Дания футболшылармен кездеседі. Жуырда ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев сол ойындарда алаңға шығуы мүмкін 32 футболшының тізімін жариялады.